Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сегіз айдан кейін тұңғыш рет теңге рекордтық деңгейде өз позициясын нығайтты

Ұлттық валюта жоғары өрлеп бір тәуліктің ішінде қымбаттап шыға келді. Айырбастау орындарында бір доллар үшін 328 теңге 30 тиын сұрап жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

1476946333_1423641841_20140819235715_7be75_1280x1280-1024x683

Мұндай сандар жиынтығын қазақстандықтан сегіз айдан бері көрмеген еді. Соңғы рет АҚШ ақшасы мұндай көрсеткішті өткен жылдың мамырында көрсеткен. Доллардың бұлайша құбылуына Қазақстандағы жағымды экономикалық жағдай мен қатар АҚШ-тан жеткен жаңалық та әсер еткен сыңайлы.

Бірер күн бұрын ғана құрама штаттар Тынымұхиты серіктестігінен шығып кетті. Теңгенің нығаюына мұнай бағасының өсуі де өз әсерін тигізіп отыр. Brent маркалы мұнай 55,32 деңгейінде саудаланған. Ал біздің теңге кеше биржадағы таңғы саудадан кейін-ақ жоғары өрлей бастады. Олар 327,76 деңгейінде жабылды.

Күндізгі сессияда доллар өз позициясында тұрақтай алмады. Қазіргі таңда доллар 328 теңге 50 тиын сұраса, ЕВРО 354,50-ді көрсетуде. Ал рубль 5,58 теңге жағдайында сатылып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда көліктердің бағасы күрт қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда 2017 жылы жанармай бағасы қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ

Алматылықтар қаңтардан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның жоғалып кеткенін байқаған

Талқылау