Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Седов өзін мазақ қылған Алексей Нидің шақыртуынан бас тартты

Атышулы ауыр атлет Владимир Седов Рио олимпиадасына қатысуға шақырту алды. Ұлттық құрама бас бапкері Алексей Ни оған тағы бір мүмкіндік беріп көрмекші. Тек ол үшін зілтемірші арнайы іріктеуден өтіп, өз салмақ дәрежесінде күшті екенін дәлелдеуі тиіс, – деп хабарлайды КТК арнасы.

sedov-1

Фото: instagram.com/sedov_vladimir/

Алайда бас бапкермен басы бір қазанға сыймай жүрген Седов ешқандай да іріктеуге қатыспаймын деп отыр. Себебі соңғы уақытта Ұлттық құрама сапынан қуылып, жарыстардан шеттетілген ол спорттық бабында емес екенін алға тартуда.

Сондықтан бас бапкер осы жағдайды тиімді пайдаланып, “мені ел алдында тағы да ұятқа қалдырмақшы” дейді. Өйткені бұған дейінгі іріктеу жарыстарында олимпиадаға кімдердің баратыны белгіленіп қойған екен. Осылайша Алексей Ниден әбден көңілі қалған зілтемірші олимпиадаға барудан бас тартып, жақында спорттық мансабын аяқтайтынын жеткізді.

“Бас бапкер допинг дауынан кейін не істерін білмей қалды. Енді маған мүмкіндік беріп, бағыңды сынап көр дейді. Спортшы үшін бұдан асқан қандай мазақ керек?! Мен Алексей Нидің сөзіне сенуден қалдым. Алдағы уақытта бір жарысқа қатыссам деп жоспарлап отырмын. Содан кейін спортпен қоштасып, мансабымды аяқтаймын”, – дейді Владимир Седов.


Жіберіп алмаңыз:

Атышулы Седов Рио Олимпиадасына қатысуы мүмкін

Седов: Енді бізде ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы жоқ

Седов допинг дауына бас бапкер Алексей Ниді кінәлады

Седов атлетші Ильинді “күш сынасуға” шақырды (видео)

Талқылау