Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Седов допинг дауына бас бапкер Алексей Ниді кінәлады

Соңғы кездерде шу шығарып жүрген ауыр атлет Владимир Седов, қазақстандық төрт олимпиада чемпионының сайыстардан шеттетілуіне Алексей Ниді кінәлайды.

седддоов

Сурет:prosportkz.kz

“Бүгін біздің еліміз үшін қайғылы күн. Олардың барлығы да жақсы адамдар, бірақ жағдай солай болып отыр. Илья, Зульфия, Мая, Света – олар чемпиондар және менің жүрегімде сақталады. Алексей Ни – бұл сіздің ісіңіз, олардың тағдырын сіз құрттыңыз”, – деп жазды Седов өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Безымянный

Бұған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг дауына байланысты қазақстандық спортшылардың сайыстарға қатысуын тоқтатқан еді. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесіне сәйкес, бұл спортшылардың қандай да бір ресми жарыстарға қатысуы уақытша шектеледі.

Допинг мәселесі спортшылардың Лондон олимпиадасындағы нәтижелеріне байланысты болып отыр. Допинг-сынама бойынша Ильяның организмінен дегидрохлорметилтестостерон және станозолол, Зульфиядан – оксандролон, Мая Манезадан – станозолол, Светлана Подобедовадан да – станозолол дәрмектері табылған.

Әзірге спортшылардың кәсіби мансаптарының қалай жалғасатынына байланысты нақты ақпарат жоқ.

“Өкінішке қарай, әзірге ештеңе айта алмаймыз. Бұл сауалдарға жақын күндері жауап береміз. Кез-келген жағдайда республика федерациясы мен ұлттық олимпиада комитеті біздің ауыр атлеттеріміз үшін соңына дейін күресетін болады”, – деді ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз хатшысы Анна Ермакова.

Тағы да оқыңыз:

Владимир Седов: Алексей Ни 2007 жылы менің атымнан ипотека алып төлемей кетті

Ауыр атлетші Владимир Седов ашық әңгімесімен жұртты дүрліктірді

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан екінші алтынды иеленді

Талқылау