Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Седов: Енді бізде ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы жоқ

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов допинг дауына басты кінәлі адам ретінде бас бапкер Алексей Ниді атады.

88_wide

Сурет informburo.kz

Седовтың сөзінше, енді ел тарихында ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы жоқ деп айта беруге болады.

“2016 жылдың 20 маусымы – Қазақстан ауыр атлетикасы, жалпы қазақстандық спорт үшін ауыр күн. Енді бізде ауыр
атлетика бойынша олимпиада чемпионы жоқ. Бәріне кім кінәлі? Илья Ильин дейтін шығарсыздар, ал мен жоқ деп жауап
беремін. Барлығына жауапты Алексей Ни мырза. Неге дейсіздер ғой? Өйткені, ол спортшылар тамақтанатын асхананың
барлығында бақылау жасайды”, – дейді ол Инстаграмдағы жазбасында.

“Алексей Геннадьевич сіз үнемі өзіңізге жақпайтын спортшыларды шеттеттіңіз. Ол спортшылар сіздің бетіңізге шындықты
айтқан болатын. Мысалы Ресейден келген Эдуард Тюкин, ұлттық құрамадан бөлек жаттықты және 2008 жылғы олимпиада
іріктеуіне өтті. Ол рейтинг бойынша біздің спортшылардан жоғары тұрды, әрі олимпиада алтынына таласа алатын еді.
Бірақ сіз әлі жас деп ысырдыңыз. Біл сіздің жұмысыңыз. Сіз бірінші кезекте спортшылардың алдында, сізге сенген Илья
Ильин, Светлана Подобедова, Мая Манеза және Зульфия Чиншанлоның алдында жауап беруіңіз керек”, – деп жазды Седов.

Еске сала кетсек, 16 маусым күні Илья Ильин, Светлана Подобедова, Мая Манеза және Зульфия Чиншанлоның 2012 жылғы
олимпиададағы допинг-сынамадан тексеру кезінде қандарынан рұқсат етілмеген препараттар табылғаны хабарланған еді.
Олардың барлығы да жарыстардан уақытша шеттетілді. Сондай-ақ, Ильиннің 2008 жылғы Бейжің олимпиадасы кезіндегі сынамасынан да допинг табылғаны жарияланды.

Оқи отырыңыздар:

Седов допинг дауына бас бапкер Алексей Ниді кінәлады

Владимир Седов: Алексей Ни 2007 жылы менің атымнан ипотека алып төлемей кетті

Ауыр атлетші Владимир Седов ашық әңгімесімен жұртты дүрліктірді

Талқылау