Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сбербанк өзінің мерейтойына орай сыйлықтар таратады!

Банк өзінің туған күні қарсаңында Toyota Land Cruiser 300 және көптеген басқа да сыйлықтарды ойнатады.

Сбер

"Сбербанк" АҚ ЕБ банктің 180 жылдығы тұсында кең ауқымды акция өткізеді. 5 шілдеден бастап 19 қарашаны қоса алғанға дейінгі кезеңде Sberbank KZ мобильді қосымшасында, интернетте немесе POS-терминал арқылы тауардың немесе қызмет ақысын 1 800 теңгеден (қоса санағанда) көп сомада Сбербанктің VISA картасымен төлеген клиенттер автоматты түрде сыйлықтар ұтысына қатыса алады. 

Ұтыс ойыны екі апта сайын Instagram ресми парақшасында өтеді. Банк акцияның аясында біраз мөлшердегі MacBook, Apple Watch, iPhone, Samsung техникаларын, Okko онлайн-кинотеатрының премиум-жиынтығына, сондай-ақ СберЗвук стримингтік сервисіне жазылуды, фитнес-клубтарға берілетін сертификаттарды және көптеген басқа да сыйлықтарды қосқанда, барлығы 150 сыйлық тарту етеді. Басты сыйлық – Toyota Land Cruiser 300 көлігінің жаңа моделі, ол акцияның барлық қатысушыларының арасында 2021 жылы 19 қараша күні ойнатылады. 

Биыл Ресейдегі Сбербанк 180 жылдығын, оның Қазақстандағы еншілес банкі 15 жылдығын тойлайтынын естеріңізге саламыз. Банк өзінің мерейтойы атап өтілетін жылы бір қатар іс-шаралар өткізеді, оның ішінде акциялар, құнды сыйлықтар ұтыс ойындары, мәдени жобалар және әлеуметтік бастамалар, сондай-ақ Қазақстанның астасында ұйымдастырылатын мерекелік гала-шаралар бар. 

Солайша, Сбербанк бірінші кезекте клиенттеріне құрмет білдіреді, олардың артқан сенімдері мен банкпен жасаған ынтымақтастығына алғыс айтады. 

"Сбербанк 180" акциясына қатысу шарттарымен мына сілтеме бойынша толық таныса аласыздар.

Акцияның жүлде қоры:

Мерейтойға байланысты барлық ұсыныстардың қай уақытта басталатыны туралы Сбербанктің ресми сайтынан біле аласыздар.

Талқылау