Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сазгер Әлімбекова сотталған бап бойынша тағы бір қыздың үстінен іс қозғалды

Гауһар Әлімбекова сотталған бап бойынша Мәдина Мүсірепова есімді қыздың үстінен де қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдіктінің ісі дұрыс тергелмей жатыр деген бір топ адам журналистерден көмек сұрады. Сөздеріне сенсек, бірталай адамды алдаған қыздың ісін Алматы полициясы созып, сотқа дейін жеткізбей отыр.

Сазгер Әлімбекова сотталған бап бойынша тағы бір қыздың үстінен іс қозғалды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Марат Еркенұлы былтыр нарықта құны 40 мың доллар тұратын швейцариялық сағатты Мәдина есімді қыздан 16 мың долларға сатып алдым дейді. Бойжеткен қымбат сағатты Лондоннан сатып алғанын айтып, тиесііл құжаттарды әкеп беретініне уәде берген. Алайда ақшасын алған соң, Қытайдың өтірік сағатын беріп, ізін суытқан, дейді жәбірленуші. Сатушы мен алушының кездесуі дәмханадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

“5 адамды алдаған. Жалпы соммасы шамамен 40-50 мың долларға. Менің білгенім ғана. Тергеушілерге келіп айтқан едім, ешқайсысы қозғалмайды. Менің ойымша, тергеудің әйтпесе РОВД-ның өздерінің қызығушылығы бар. Неге десеңіз, осы күнге дейін ешқандай іс дұрыс жүргізілмеген”, – дейді жәбірленуші Марат Еркенұлы.

Марат бойжеткенге алдандым деген жалғыз адам емес. Тағы 4 шағым полицияның өзге бөлімшелеріне түскен. Жас қыз біреуге өтірік құндыз тон, ал енді біреуге көлік сатқандай болып, ақшаны қағып алған. Ал полициядағылар Мәдинаның кінәсі дәлелденсе, жазадан құтылмайтынына сенімді.

“Азаматша Мүсіреповаға қатысты арыз-шағым 2018 жылдың мамыр айында Медеу аудандық ішкі істер басқармасына келіп түскен болатын. Дәл сол күні “Аса ірі көлемдегі алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, өндіріс аясында тиісті сараптамалар тағайындалған болатын. Іс материалдары міндетті түрде сотқа жіберілетін болады”, – дейді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Ал Марат Еркенұлы бас прокуратураға да, ішкі істер министрлігіне де шағым жазған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр