Сайтандар туралы өлең жазған қарағандылық прокурор қызметтік этиканы бұзбаған
ҚР Бас прокуратурасы Қарағанды облысы Осакаров ауданының прокуроры Берік Ахметжанов өзінің сайтандар туралы өлеңімен айыпты әрекет жасамағанын айтты.
Бұл туралы «ҚазАқпарат»хабарлайды.
«Қызметтік тексеріс нәтижесі Берік Ахметжановтың мінез-құлқы мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларына сай келетінін көрсетті. Ол Интернетке өз ролигін орналастыра отырып, заңға қайшы әрекет жасаған жоқ. Филологиялық сараптама қорытындысы бойынша, автордың өлеңінде тіл тигізу, бүлік шығаруға қатысты ештеңе жоқ», – деді «ҚазАқпаратқа» Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы Бас прокурорының аға көмекшісі Болатқан Нұрышкенов.
Ол прокурордың шығармашылығы оның жеке өмірі екенін атап өтті.
«Ол прокурор киімінде емес, азаматтық киімде түскен (ред. – видеоға). Сондықтан оның лауазымы жайлы достары, әріптестері және туыстары ғана біледі», – деп қосты Нұрышкенов.
Қызметтік тексеру нәтижесінде айып тағатын белгілер табылған жоқ, Ахметжанов еңбек етуін жалғастыруда.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде Қарағанды облысы Осакаров ауданының прокуроры Берік Ахметжановтың өзінің сайтандар туралы өлеңін мәнерлеп оқып жатқан бейнежазбасы пайда болған еді. Өлеңді ол бір жыл бұрын жазған. Қазір оны әлеуметтік желіде достарының өтініші бойынша жариялаған.
Кейін, Қарағанды облысының прокуратурасы әріптестерінің сайтандар туралы өлеңіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізетінін айтты.
«Берік Мұратұлы Ахметжанов прокуратура органдарында еңбек еткен жылдар ішінде түрлі тақырыптарға өлеңдер шығарумен айналысып келеді. Оның шығармашылығы – жеке өмірі. Оның соңғы туындысы мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық стандарттарына қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтайтын боламыз», – деген болатын облыс прокуратурасында «ҚазАқпараттың» жолдаған сауалына.
Бұған дейін Қарағанды облысында прокурордың “сөз түсінбейтін топастарға” арнаған әні хитке айналғанын хабарлаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Тойда төбелес шығарып пышақ ала жүгірген әйел қонақтардың зәресін алды (видео)
Намазын тастап кеткен жігіт: «Жарты жыл бойы жындармен арпалыстым» (видео)
Ресейлік екі азамат жаңа танысқан бойжеткенді зорлап, соңынан оны жеп қойған
Сот отырысында төреші Руслан Күлекбаевты орнынан тұрғыза алмады