Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Сайран» ескерткіштер қатарына енуі мүмкін: автовокзалды өзгертуге тыйым салынады

Алматы қаласындағы ипподром мен «Сайран» автовокзалы ескерткіштер қатарына енуі мүмкін. Аталған нысандарға ҚР Республикасының «Тарихи- мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін, алдын- ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Сайран» ескерткіштер қатарына енуі мүмкін: автовокзалды өзгертуге тыйым салынады

Тізімге енген нысандардың мәртебесі туралы нақты шешім қабылданғанға дейін, олар заңға сәйкес қорғалады.

«Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет», – делінеді хабарламада.

Еске салсақ, бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған еді. Артынша  автовокзал иесі аймақты дамытудың алдын-ала жасалған концепциясын ұсынды. Онда «Сайран» автовокзалының көлік логистикасын қайта жасау, айналасын субұрқақпен, дәмханалармен, жасыл желектермен және балалар алаңдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау