Сайрагүл Сауытбай тумысынан қолында «Алла» сөзі барын айтты (видео)

Қытайден келген қазақ әйелі Сайрагүл Сауытбай бойында құдайдан берілген белгі бар екенін айтты.

Бұл туралы Сайрагүл Сауытбай  Facebook желісінде тікелей эфир кезінде айтты. Сайрагүлдің айтуынша, оның оң жақ қолының бас бармағында «Алла» сөзі жазылған.

«Анам менің өмірге келген сәтте қолымда «Алла» жазуы бар болғанын айтты. Мені балалары жоқ отбасы асырап алған. 5 жасқа толғанда ата-анам қайта өз тәбиесіне алған», – дейді Сайагүл.

Сайрагүл сол белгіге қарап, өзін сабырға шақыратынын айтты.

«Қатты мұңайып, көзіме жас алғанда осы белгіні көрем. Сондай кездерде сабыр ете бастаймын. Бәрін жақсылыққа жоримын», – дейді ол.

Айта кетейік, Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты. Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды. Сайрагүл үкіметтен босқын мен азаматтық алу үшін көмек сұрады. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар