Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлау науқанында Тоқаевтың президент ретінде өкілеттігі тоқтай ма? Әшімбаев жауабы

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқаны кезінде мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін тоқтатпайды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Тоқаев

«Заңда президент өкілеттігін тоқтатуы тиіс деген талап жоқ. Қазақстанның қазіргі президенті заңнамаға сәйкес, толық қызметін атқарады. Үгіт-насихат іс-шараларына қатысуы қатаң түрде заңға сай жүруі тиіс. Үгіт-насихат шараларына қатысты заңды тұлға мен қоғамдық штаб арасында тиісті келісімшарт болуы тиіс. Мұның барлығы қатаң түрде заң аясында жүзеге асатын болады», - деді Әшімбаев Орталық сайлау комиссиясының брифингі кезінде.

Мұнымен қатар, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихат штабында сенімді өкілдері жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Тоқавтың кандидатурасын реси тіркеп оның сенімді өкілі Әшімбаевқа тиісті куәлікті тапсырды. Сондай-ақ ол Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабын басқарады.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр