Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлау ашық әрі әділ өтті: Тоқаев мәлімдеме жасады

Президент сайлауы әділ өтуі үшін барлық шара қолданылды. Сайлаудан кейін баспасөз конференциясын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Құрметті журналистер, біздің мақсатымыз – даму мен әділетті мемлекет. Сайлау әділ, ашық түрде өтті. Сайлауға 7 үміткер қатысты. Оларға тең жағдай жасалды. Аталған сайлау ашық, әділ, шынайы өтуі үшін менің тарапымнан барлық шара қолданылды», - дейді Тоқаев.

Өз сөзінде мемлекет басшысы сайлауға қатысқан және өзіне дауыс берген қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Алдымен маған дауыс берген Қазақстан азаматтарына алғыс білдіргім келеді. Бұл үлкен жауапкершілік. Бұл халықтың сенімі. Сайлау жоғары деңгейде, ашық әрі әділ өтті», - дейді президент.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентін сайлау кеше, 9-маусымда өткен болатын. Exit-poll нәтижелеріне сәйкес, "Нұр Отан" партиясының атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев 70% көрсеткішпен жеңіске жетті. Артынша ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі бойынша, Тоқаев 70,76% дауыс жинады. Яғни, оған 6 504 054 қазақстандық дауыс берді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр