"Сайқымазақ сияқты": Ернар Айдардың жаңа образы тыңдарманына жақпай қалды 

9 наурыз күні кезекті ән кешін өткізуге дайындалып жүрген Ернар Айдардың жаңа образы көпшілікке жақпай қалды. Қызыл ала түсті костюм киген әнші бұл киімі үшін тыңдарманынан оңбай сөз естіді, деп жазады Stan.kz. 

"Сайқымазақ сияқты": Ернар Айдардың жаңа образы тыңдарманына жақпай қалды

"Ойбой, қазақ жігітіне қызыл алабажақ жараспайды ғой", "клоун", "стилист па не деуші еді, соны ауыстыру керек шығар", "Кешіріңіз, бірақ мына киім сізге мүлде жараспайды, сіздің стиліңіз емес", "Өзіңді жақсы көрем, бірақ шынында мына киімің біртүрлі ерсі көрінеді екен", - деп жазды Instagram қолданушылары. 

Елдің сынына құлақ түрген әнші алдағы уақытта бұл киімді кимеймін деп ақталды.

"Осы образға кеше біраз ұрсып, жақсы сындар жазыпсыздар. Сындарыңыз қабылданды. Еңбектеніп тіктірдік қой енді, соңына дейін киіп тастайыншы. Кейін кимейм", - деп жазды ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.


 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр