Саясаттанушы Ерлан Қарин Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценарийін атады

Жұма, 2 Қыркүйек , 2016 16:01

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин Өзбекстанда болуы ықтимал билік ауысуының үш сценарийін атады. Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан билігі ауруханада жатқан Президент Ислам Каримовтың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатын. Осыған орай, белгілі қазақстандық саясаттанушы өзінің пікірін Фейсбуктегі парақшасында жариялап отыр.

20160615122633

Қаринның айтуынша, өзбек саясатының жабықтығын және жергілікті саяси элита құрылымының ерекшелігін ескере отырып, биліктің қандай сценарийлерімен ауысатынын болжау аса қиын. Оның пікірінше, әзербайжандық деп аталатын сценарийдің – яғни, билік өкілеттілігінің отбасы мүшесіне берілуі – екіталай, тіпті бұл сценарий іске аспайды деп сеніммен айтуға болады. Сонымен қатар, Өзбекстанда отбасы саяси ықпалдың факторы ретінде қалыптаса алмаған. Осы ретте Ерлан Қарин  ықтимал деген негізгі сценарийлерді келтіреді.

«Бірінші – «Арнаулы құрылымдар». Элитадағы бірден-бір ұйымдасқан топ – арнаулы құрылымдар өкілдері қазіргі кезде топтасып жұмыс жасауға қабілетті жалғыз күш. Жергілікті арнайы қызмет – Ұлттық қауіпсіздік қызметі өзбек билік жүйесіндегі негізгі құрылым болып табылады, және де сыртқы күштермен байланыстар осы құрылымдар арқылы жүзеге асып келген болатын, ал қазіргі жағдайда бұл да маңызды фактор.

Екінші – «Консенсустық фигура». Өзбек лидерінің денсаулығы туралы ресми ақпаратты президент баспасөз қызметі немесе президент әкімшілігі құрылымдары емес, үкіметтің таратуы жергілікті билік иерархиясында премьер-министрдің қандай да бір ықпалды рөлі бар екендігін және оның тақ мұрагері ретінде сайлануы мүмкін екендігін байқатады.

Үшінші – «Конституциялық». Бұл сценарийдің болуы екіталай, десек те, оны мүлдем шығарып тастауға да келмес. 2011 жылы Өзбекстанның негізгі заңына Мемлекет басшысын ауыстыру схемасын нақтылайтын бірқатар өзгерістер енгізілді: «Президент өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда, оның құзыреттері уақытша Өзбекстан Республикасы Жоғарғы мәжіліс Сенатының төрағасына жүктеліп, «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес үш айдың ішінде сайлау өткізілуі тиіс», – деп жазады ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

БАҚ Ислам Кәрімовты жерлеу рәсімі өтетін орны мен уақытын хабарлады

Ислам Кәрімов өзбекстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

БАҚ – Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қайтыс болды

Ислам Каримовтың қызы әкесіне не болғанын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар