Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Саясатта 16 жыл: Дариға Назарбаеваның мансаптық жолы

Дариға Назарбаеваның үлкен тәжірибелі мансаптық жолы бар. Оның саясаттағы мансабы 2003 жылы басталды. Назарбаева сол жылдары жеке пікірін айтып, үлкен мәселелер көтеріп, сын айтып, өзін көшбасшы ретінде көрсетті, деп жазады КТК.

Дариға Назарбаева

Фото:  Bnews.kz.

Осы уақытқа дейін сенімді серіктесі, президенттің көмекшісі болды. 

Назарбаева Қазақстан саясатының беделді саясаткері. Не ойласа, соны іркіп қалмайды. Сын айта алады. Ресей мен Қазақстанда білім алған. Мәскеу мемлекеттік университеті мен Қазақ ұлттық университетінде оқыған. 

1992 жылы "Бөбек" қайырымдылық қорының вице-президенті болды. Кейін "Хабар" телеарнасын басқарды. 2002 жылы Евразилық медиафорумның негізін қалады. Сол арқылы қазақстандық, отандық журналистер, жазушылар мен саясаткерлер көзге түсті. 

"Біз әлі де өз қызметімізге адалмыз. Бөлмейміз, біріктіреміз. Сын айтпаймыз, бірақ талқыға саламыз", - деді Назарбаева.

2003 жылы Дариға Назарбаева "Асар" партиясын құрды. Келесі жылы мәжілісте жеңіске жетті. 

2006 жылы "Асар" мен "Отан" партиясының жаңа бейнесі "Нұр Отан құрылды". 2012 жылы жеңіске жетті.

Назарбаева мәжілістің әлеуметтік-мәдени дамуы комитетін басқарып, депутат болды. Екі жылдан соң мәжілістің вице-спикері болып сайланды. 2015 жылы премьер-министрдің орынбасары болды. 2016 жылдың қыркүйек айында сенатор болды. 

Дариға Назарбаева білім беру саласына, денсаулық саласына,жемқор шенеуніктерге қатысты сын айтты. 

"Одан басқа жол жоқ па? Бәрі жемқорлықтың өсуіне жол беруде. Мұны мемлекеттік органдар жасап отыр. Ал, сіздер жеке секторды айыптағыларыңыз келеді. Сондықтан алдымен мемлекеттік органдармен мәселен шешіп алыңыз", - деді бірде Назарбаева.

Енді бірде Дариға Назарбаева ХҚКО-ның халыққы жақын емес екенін айтты. 

Дариға Назарбаева саясаттан бөлек шығармашылық адамы. Өнер адамы. Қайырымдылықпен көпшіліктің көзінше айналыспайды. Жас  талантты қазақстандықтарды қолдайды. 


Жары мен ұлы кім: Жаңа президент Тоқаевтың отбасы қазір көпшілік назарында

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр