Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясатсыз һәм санкциясыз Иранның ерекше көріністері (фото)

Соңғы кездері әлемдік саясатта әрі ғаламдық нарықта Иранның аты жиі аталып жүр. Оған себеп те жоқ емес. АҚШ Иранға тағылған айыптарды алып тастап, санкциялардан азат еткеннен кейін Иран Ислам Республикасы әлемдегі мұнай саудасына қайта қосылып, құлыпта жатқан қаржыларына қол жеткізді. Заглавная

Бұл туралы Bigpicture.Ru хабарлайды.

Осы бір саяси және экономикалық тұрғыдағы Иранды сәл ұмыта тұрып, көркіне көз тоймас, ерекше орындарымен көз тартатын Иранмен танысып шықсақ. Халық саны 75 миллионға жуықтайтын Иран, туристердің үнемі қызығушылығын тудыратын мемлекеттер қатарында. Ежелгі ескерткіштер, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін ұлттық орындары кім-кімді де қызықтырмай қоймайды.

Ендеше біз сиқырлы әрі таң қалдырар орындарын ұсынамыз.

Үлкендігі бойынша үшінші орында тұрған, Исфахандағы базар. iran_travel_001

Йезд қаласында ер адам тігін құрылғысы арқылы тоқыма жасап жатыр. iran_travel_003

Исфахан қаласындағы Жәми мешіті. 771 жылы салынған мешіт құрылысы XX ғасырда аяқталған. iran_travel_007

Халық ең көп келетін базар. iran_travel_008

Жұма намаз сәтіндегі әйелдердің құлшылығы. XVII ғасырда тұрғызылған бұл мешіттің акустикасына туристер таңдай қаққан. Алыс бұрышынан шыққан дыбыстың өзі құлаққа тұп-тұнық жетіп естіледі. Айтылған сөздің өзі жаңғырықпен мешіт ішін 12 рет кезіп шығады екен. iran_travel_009

Паланган атты күрттер ауылы. Байқалып тұрғандай үйлер бірінің үстіне бірі салынған. Төменгі үйдің шатыры жоғарғы үйдің ауласы ретінде де пайдаланылады. iran_travel_010

Тотықұс өзінің кезекті клиентін күтіп тұр. Хафиз Шираз – XIV ғасырда өмір сүрген парсы ақыны. Өлеңдерін Иран халқы әлі күнге дейін сүйіп оқиды. Оның мавзолейінің жанында осындай саудагерлерді жиі кездестіруге болады. Сатып алушыға конвертті тотықұс тұмсығымен таңдап береді. iran_travel_013

Шираз қаласындағы Шах-Черах мавзолейі. Бұл ғимарат XIV ғасырда салынған. iran_travel_014

Әмір Чахмах кешенінің қасында мотоциклмен серуендеп жүрген отбасы. Мешіттің қақпалары көп әрі алаңқайы кең. Мешіттің алдында үлкен фонтан орналасқан. iran_travel_021

Тегеранның архитектуралық символы – Азад мұнарасы. Мұны Бостандық мұнарасы деп те атайды. 1971 жылы Парсы империясының 2500 жылдық тарихына орай орнатылған. iran_travel_023

Ежелгі Бам қаласының келбеі. iran_travel_024

Шаңғышы Загрос тауының шыңына қарай бет алып келеді. iran_travel_025

Талқылау