Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саяхаттауға тұрарлық әлем елдерінің ең көрікті қалалары

Назарларыңызға саяхат жасауға тұрарлық әлем елдерінің ең керемет көшелері мен картадағы көрікті жерлерді ұсынамыз.

Бұл туралы adme.ru хабарлайды.

Медина, Шефшауэн (Марокко)

Мына көркем қала Марокконың солтүстік бқлігінде орналасқан. Қала ашық көк және қанық көк түсті үйлерден құралған. аспан түстес қала 1930 жылдары көшіп келген еврей босқындардың арқасында пайда болған. Олар көк түс арқылы аспан мен Құдайды еске алып тұрады. ол кездермен салыстырғанда еврейлер саны азайып кетсе де, мереке күндері үйлерді көк түспен бояу дәстүрі әлі сақталған.

Зонттар әлемі. Агеда (Португалия)

Мұнда ең алғаш рет әдемі зонттар 2012 жылы пайда болды. Жыл сайын зонттар өзгеріп, жаңарып отырады. Әдемі зонттар көздің жауын қана қоймай, адамдарды күннен қорғайды. Тұрғындар бұл қалаға Мэри Поппинс келді деп әзілдейді екен.

Сыйқырлы кілемдер әлемі Ла-Оротава (Тенерифе)

Жыл сайын маусым айында Corpus Christi мерекесіне орай көшеге алып кілемде төселеді. Онда вулканды құмның суреттері болады. Суретті 10 адам жүріп 40 күн ішінде 23 түстен дайындайды. 2006 жылы бұл жерге 950 шаршы метр кілем төселіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Вилла де Грасиа, Барселона (Испания)
Барселонананың бұл аймағы тамыз айында өтетін Festa Major байқауы кезінде көрікті мекенге айналады. Мерекеге орай тұрғындар өзара ақылдаса келе көшені көріктендіруге кіріседі. Олар көшені белгілі бір тақырыпқа сай безендіреді. Безендіру түрі олардың өз қиялынан туып жатады.


Бөлінген тастар көшесі Энсхеде (Голландия)

Roombeek – Энсхеде қаласындағы сауда көшесі. Оның тағдыры мұңды әрі, сонысымен де керемет. 2000 жылы мұнда отшашу қоймасы жарылып, салдарынан 650 үй мен көше зардап шеккен. Бірнеше жылдан кейін аудан қайта қалпына келтіріліп, жерасты жылғасы жасалды. Дизайнерлер бөлінген тастар секілді өткел түрін жасаған. Тастар қыс кезінде жарылған мұз секілді көрінеді.

Көне қала Лицзян (Қытай)
Көне Лицзян қаласы ескі қала және жаңа қала деп екіге бөлінеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қала судың, ал су  қаланың арқасында пайда болған. Юйцюаньхэ өзені қала бойымен ағатын үш арнадан тұрады. Сондықтан өзен бойында өткелдер мен шағын көпірлер көптеп кездеді. Және олар адамдарды табиғатпен байланыстырып тұрады.

Альберобелло, Апулия, Италия
Бұл қала трулли үйлерімен мақтанады. Трулли – үшбұрышты шатырланған үйлер. Мүндай үйлерді әлемнің еш жерінен кездестіре алмайсыз. Үйлердің шатырын тастардан қалайды. Трулли үйлері бір біріне өте ұқсас болғанымен олар ерлер мен әйелдердікі болып бөлінеді. Сондай-ақ, үйлер тастарды қалауына да,  шебердің белгілеріне қарап та ерекшеленеді.

Ломбард-стрит (Сан-Франциско, АҚШ)

Бұл қалаға туристерді міндетті түрде апарады. Қала тұрғындары бұл қаланы әлемдегі ең қисық көше деп атайды. Оның кейбір бөлігі Орыс белесіне қарайды. Бұл көшелерде жылдамдықты 8 км/сағаттан асырмау үшін сәулетшілер 8 бұрылыс жолдарын жасаған.

Талқылау