Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саяхатшылар әлемдегі ең сүйікті 10 қаланы атады

Trivago туристік орталығы 2015 жыл бойы саяхатшылар тарапынан ең жақсы пікір айтылған 10 елді анықтады. Бірінші орында Капподокияның Гёреме қаласы тұр.

00000

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, бұл қала ең жоғарғы 88,03 көрсеткішімен озық болып тұр. Капподокия саяхатшыларды ерекше вулканды ландшафтарымен таңдандырған. Сондай-ақ, бұл ел ЮНЕСКО тізіміне үңгірдегі тұрғындар ретінде тіркелген.

Екінші орында 87,48 балдық көрсеткішпен Италияның Матера қаласы тұр. Бұл қала 2014 жылы Европаның мәдени атанасы деп танылған. Қала Италияның оңтүстік бөлігіндегі Базиликата аймағында орналасқан. Қаланың Көне бөлігі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы саналады.

Үштікке 85,98 балмен Тоскананың Сан-Джиминьяно қаласы енді.

Сонымен қатар, тізімде Грамаду, Ханой (Вьетнам), Итальяның Лечче, Сиемреап (Камбоджа), Ирландияның Килларни, Сорренто (Италия), Фуншал (Мадейраның басты порты) қалалары кірді.

Көрсеткіш 250 саяхатшының бағалауы мен 200 саяхатшының пікірі арқылы анықталды. Global International Ranking 130-дан астам қонақүйі бар және саяхатшылардың соңғы 12 ай ішінде болған қалаларды таңдады.

Талқылау