Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерді шетелдіктерге сатуды Отанға сатқындық жасаумен тең көру ұсынылды

«Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр жерді шетелдіктерге сатуды Отанға опасыздық жасаумен тең көруді ұсынды.

8282424

Сурет: РИА новости

«Жер шетелдіктерге сатылмайды деу жеткіліксіз. Мен заңға жерді шетелдіктерге сату Отанды сатумен тең дегенді қосу керек деп ойлаймын. Осы ғана халықты тыныштандыратын болады», – дейді Сауэр бейсенбі күнгі “Қазақстан-2050” Демократиялық күштің жалпы ұлттық коалициясының отырысында.

Сауэр өз сөзінде Қазақстанда кез келген салада қаражат құйюға болатын үлкен жер алқабы барын айтып өтті.

«Бізде қалаған жеріңе инвестиция құюға болады. Біз табиғи-климаттық қажеттіліктің, бидайдан басқа азық-түлік өінімінің бәрін игере отырып, байлықтың үстінде отырмыз. Ақшамыз құр кетіп жатыр», – дейді ол.

«Агроөнеркәсіптік мақсатта қанша ақшамыз сатып алуға жұмсалды? Мен құрылысқа кеткен джиптар мен ұшақтарды сөз етіп отырғаным жоқ. Ешбір елде дәл осылай субсидия қолданып, агроөнеркәсіпке несие алып жұмсау жоқ. Біздің елде ғана қаражатыңды қайда салғың келсе, өзің білесің. Оны ешкім тексеріп те жатқан жоқ», – деп қосты ол.

Жіберіп алмаңыз:

Заңсыз митинг ұйымдастыруға талпынған 40-қа жуық адам жауапкершілікке тартылды

Қазақстан полициясы митингке шықпақшы болғандардың жолын кесті

БҚО-да митингке қатысушылар алкоголь таратып төбелес ұйымдастырмақшы болған

Талқылау