Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саусағыңды кесемін деді: Аршавиннің әйелі қазақстандық модельге доқ көрсеткен (видео)

Әйгілі Ресей футболшысы Андрей Аршавиннің әйелі қазақстандық модельге қоқан-лоққы көрсеткен. Алиса Аршавина модельді күйеуімен бірге құшақтасқаны үшін қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Ольга Семенова Instagram парақшасында үндеу жариялап, елден көмек сұрады. Ол өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанын алға тартып, бұл іске құзырлы органдардың араласуын өтінді.

Аршавинаның қоқан-лоққы көрсетуіне желіде тараған видео сеп болған. Онда танымал футболшы суретке түспекші болған модельді белінен құшақтаған.

«Андрей Аршавин екеуміз бірге отырған видео жариланған соң, Алиса Аршавина маған доқ көрсетті. Ол саусағымды кесіп, қалтама есірткі қойғызатынын, сол үшін түрмеге отыратынымды айтты. Бұдан бөлек, намысыма тиетін сөздерді көп айтты. Өмірім мен денсаулығыма қауіп төніп тұрғындықтан, бүкіл ел алдында жариялап тұрмын”, – деп мәлімдеді бойжеткен.

Сондай-ақ, модель Аршавинді ер адам ретінде ұнатпайтынын атап өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Футболдан еліміздің бас жаттықтырушы өз еркімен қызметінен кетті

Он бір жыл түрмеде отырған боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Италиядағы жеңісінен кейін күлкіге қалған қазақстандық шаңғышы өз әрекетін түсіндірді

Павлодарлық жігіт тойға несие алғызып, қалыңдығын тастап кеткен

 

Талқылау