Саусағын кесіп, табанына жабыстырған: Қытай қыздарының сұлулық үшін жасаған “ерліктері” (фото)

Жаға ұстатарлық мына суреттер Қытай қыздарының сұлулық үшін қандай құрбандыққа барғанын көрсетеді. Аяғы әдемі көріну үшін қытай сылқымдары саусақтарын кесіп, оны табанның астына жабыстырған. Сұлулар аяқ пішінін қазіргі туфлиге ұқсатып билеген. Адамшошырлық бұл дәстүр Қытай жерінде осыдан 1000 жылдан аса уақыт бұрын пайда болыпты.

Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қытай императоры Тан аяғын байлап билеген сұлуға ғашық болған соң өзге қыздардың да солай жүруін бұйырған.

Мына суретте 86 жастағы Чжоу Гуйжен байланған аяғын көрсетіп отыр. Оның төрт бірдей саусағы кесіліп, табанының астына жабыстырылған.

Естіген адамның жағасын ұстататын бұл салтты орта таптан бастап, ауқатты отбасынан шыққан қыздар да ұстанған. Тіпті, көп ұзамай саусақтарды кесіп, байлап алу сәнге айналған деседі. Сондай-ақ, бір кездері аяқты байлау – байлықтың белгісі ретінде есептелген.

Әсіресе, жұмыс істемейтін бай қыздар аяқтарын байлап жүретін болған.

Бұл үрдісді сылқымдар әсіресе, қыс мезгілінде жасауды жөн көрген. Қақаған қыстың суығында онсыз да аяқ жансызданады, демек ауруды да сезбейді деп есептеген олар.

Жіберіп алмаңыз:

Әйгілі Ванганың 2018 жылға жасаған болжамы

АҚШ-та күйеу жігіт неке қию рәсіміне «көктен салбырап түсті» (видео)

Америкалық балаларының көзінше әйелін өлтіріп, оның басын тоңазытқышқа салып қойған

Сұғанақ ұрлап алған телефон арқылы абайсызда иесінің парақшасына өз селфиін жүрктеп қойған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар