Сәуле Әбединова Сайрагүлдің ісінің басы-қасында жүргені туралы: Менен “жеке батыр” жасаудың қажеті жоқ

Белгілі тележүргізуші Сәуле Әбединова Сайрагүлдің ісінің басы-қасында жүргені үшін өзін де өзгелерді де “жеке батыр” жасаудың қажеті жоқ екенін айтты. Ол кімнің өмірі болсын, әйтеуір оң шешімін тауып жатқан әр адамның тағдырында әркім өз міндетін атқарады, сондықтан “анау болмағанда, мынау болмағанда” бұл іс осылай аяқталмас  еді деген сөзді қою керек дейді.

Сәуле Әбединова Сайрагүлдің ісінің басы-қасында жүргені туралы: Менен "жеке батыр" жасаудың қажеті жоқ

Тележүргізуші өзінің Инстаграм парақшасында Сайрагүлдің ісіне қатысты жазба қалтырып, бұл іске толығырақ тоқталып өтті, деп жазады Stan.kz.

«Көңілдеріңізге мың алғыс, әрине. Дегенмен, менен де, өзгелерден де “жеке батыр” жасаудың қажеті жоқ…Қандастар мәселесіндегі қай тірлікте де еден жуушыдан, шопырдан бастап, Ақ Ордаға дейін әркімнің өз атқаратын нақты міндеті бар. Тек сол міндеттерімізді міндет қылмай дұрыс атқарайық»,-дейді Әбединова.

Жасаған жақсылықты міндетсінбей, шын көңілмеген атқарайық деген тележүргізуші сонымен қатар, қорғаушы Абзал Құспанның айтқан сөзін мысалға алды.

«Абзал Құспан “Сайрагүлдің ісін бір адвокат боп бастап, мың адвокат боп аяқтадық” дейді. Яғни Сайрагүлге әр қазақ адвокат болды. Бұл деген сөз – “Сайрагүл кейінгі өмірінде бәрімізге қарыз, біздің айтқанымызбен жүріп, айдағанымызбен тұрады” деген сөз емес. Сайрагүл ешкімнің жекеменшігі емес. Сайрагүл – тәуелсіз адам»,-дейді ол.

Тележүргізуші бұйыртса Сайрагүл Тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз азаматы болады, деп сенім білдіруде.

Сәуле Әбединова Сайрагүлдің ісінің басы-қасында жүргені туралы: Менен "жеке батыр" жасаудың қажеті жоқ

«Адвокат қазір сол шаруамен айналысып жатыр. Сайрагүлді қайтадан түрмеге тығу үшін бүкіл халық болып жабылып бостандыққа шығарып алдық па? Сайрагүлге шын жандарыңыз ашиды екен, оны жанып тұрған тозақ отына лақтыра салмай, біраз уақыт беріңіздер. Денсаулығын қалыпқа келтірсін, өз-өзіне келсін, сот үкімі өз күшіне енсін, тым болмағанда босқын куәлігін алсын! Сайрагүл бүгін түрмеден шығып, ертең Қытай деген алпауытпен соғысамын деп ешкімге уәде берген жоқ, ешкімнің алдында сол міндеттеме алған жоқ! Сайрагүлден Рәбия жасаудың керегі жоқ! Ол саясаткер болу үшін емес, екі баласымен аман-есен қауышып, тыныш өмір сүру үшін келді. Ал азаматтық позициясынан айныған жоқ, уақыты келгенде өз азаматтық борышын атқаратынын айтты»,-дейді Сәуле Әбединова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар