Сәуле Әбединова: Ақшаның соңынан кетті деңіздер, маған бәрібір

Тележүргізуші, журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзін ақшаның соңынан кетті деп айыптағандарға жауап берді.

Сәуле Әбединова: Ақшаның соңынан кетті деңіздер, маған бәрібір

“Ақшаның соңынан кетті” деңіздер, “атақтың соңынан кетті” деңіздер, мейлі. Маған бәрібір…
Мен, бар болғаны, өмір сүріп жүрмін… өз өмірімді де, өзгелердің өмірін де барынша сәулелендіруге тырысып жүрмін. Өйткені менің атымды Сәуле деп әкем сол үшін қойыпты…
Ал ақша, атақ – мен соңдарынан қумай-ақ, өздері мені іздеп келеді… есігімді қақпай кіреді ғой… Ал былайынша, өздеріңіз ойлап қараңыздар, маған осыған дейін қызықпаған ақша енді не керек, атақ не керек… Ал өмір сүргім келеді”, – деп жазды тележүргізуші желіде.

Желі қолданушылары тележүргізушінің сөзін қостады.

“Қазақтың атқа мінер батыр да батыл өзі нәзік қызы аман бол!”, “Жаны сұлу адамға кім тәнті болмайды”, “Ұзақ жасаңыз! Өмірдің бар қызығын көріңіз! Сіз сияқты болып алсын сізге сын айтатындар! Сыртыңыздан тілеулес болып жүрген, болмасам да ұқсап бағайын деп жүрген оқырманыңызбын!” деп жазды желі қолданушылары. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар