Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауль Альварес Геннадий Головкинмен кез келген уақытта шығуға дайын екенін мәлімдеді

Мексикалық Сауль “Канело” Альварес Геннадий Головкинмен кез келген уақытта шығуға дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Stan.kz Vesti.kz – ке сілтеме жасап.

альварес
Альварес Мигель Коттоны жеңіп WBC-де орта салмақтағы чемпион деп танылған.
“Мен ешкімнен қорықпаймын. Егер менің Головкинмен жекпе-жекке шыққанымды қаласаңыздар, мен оған қазір дайынмын”, – деген болатын Альварес Коттоны жеңген бойда.
25 жастағы мексикалық жігіт 35 жастағы Коттоны 117-111, 119-109 и 118-110 есебімен жеңген еді. Өз кезегінде Головкин де ол төбелеске жақсы баға берген. Сондай-ақ өзінің де дайын екенін айтқан болатын.
Орта салмақтағы WBC белбеуі үшін Головкин міндетті түрде қатысатын үміткер. Алайда Golden Boy компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Головкин мен Альварес арасындағы төбелестің болуы екіталай екенін мәлімдеді.

Талқылау