Сәукелемен жалаңаш түскен қыз үстінен арыз жазғандар туралы: Істейтін істері жоқ

Stan.kz сайты бүкіл қазақ елін, әлеуметтік желілерді шулатып жүрген Шырын Нарчаеваға хабарласып, кешегі болған оқиғаға қатысты мән-жайды білмек болған еді. Анықталғандай, бұл инста-жұлдыздың жаңа жобасынан үзінді, ешкім шабуылдап, мұрнын сындырмаған.

Күні кеше атышулы Инстаграм жұлдызының дәретханада соққы алған мезетінен бейнежазба таралып кеткен-ді. Кадрда екі бейтаныс жігіт қызға жақындап, соңғы видеожарияланымы үшін жазаламақ болғанға ұқсайды. Алдағы уақытта елді дүрліктіріп қойған видеоның қандай жобаға тиесілі екенін көре жатармыз.

Шырын сондай-ақ өзіне қарсы тұтастай бір ауыл қол жинап, қарсы шығып жатқандарын айтты.

“Мені 4 жылға соттайды екен, басқа да алып-қашпа әңгімелер естіп жатырмын. Бірақ жеке өзіме хабарласып, ешкім қоқан-лоққы көрсеткен жоқ”, – дейді бойжеткен.

Бір айға жетер жетпес уақытта инстаграмдағы жазылушылары 33 мыңнан 190 мыңға жетіп қалған ару бұған қатысты: “Тамаша” деген жауабын берді.

Өзінің үстінен Жамбыл облысының прокуратурасы және тағы басқа құзырлы органдарға арыз жазған Шымкент азаматы Құрманғазы Мүсірге қатысты Шырын: “Оның істейтін ісі жоқ па, жұмысы жоқ па, бірдеңе ғой, күні бойы инстаграмда отырады. Әйтпесе мен туралы естімеген де адамдарды білемін. Олардың маған бас ауыртатын уақыты да жоқ. Уақыты көп, істейтін ісі жоқ, басқа қызығушылығы жоқ адамдар ғана мұндайға бара алады. Басқа біреулердің арқасында атын шығарғысы келетіндер ғана”, – деді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шырын Нарчаева Stan.kz сайтына сұхбат беріп, әлеуметтік желілердегі беленділігін анасы қолдайтынын, 18-ге келсе де түнгі клубтарды аралап, қыдырмайтынын және әлі пәк екенін айтқан еді.

Елімізге танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев желіге төсін жалаңаштап шығып, ел атына кір келтіргендердің әрекетіне жігіттердің намыссыздығы кінәлі екенін Инстаграм парақшасына жазған.

Ал елімізге белгілі продюсер Баян Мақсатқызы жартылай жалаңаш күйінде Тәуелсіздік күнімен құттықтаған қызға жақтасып, оның әрекетінен ешқандай ұятты дүние көріп тұрмағанын жеткізді.

Шырын Нарчаеваны тіпті елден қуылсын дегендер де табылды.

Шырын Stan.kz сайты дайындаған “Жыл ұяты: 2018 жылы қазақстандар ең жиі нені талқылады?” материалындағы арулардың қатарын да толықтырды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар