Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуір айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер (фото, видео)

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz сәуір айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

дюж

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

“Питерден келген оралман”

Жанр: Комедия
Режиссері: Әлен Ниязбеков
Рөлдерде: Дәурен Айдарқұлов, Асан Мәжіт, Динара Бақтыбаева, Дина Тасболатова
Мемлекеті: Қазақстан

Трио әншілері ауылдағы клубқа аппаратура алу үшін қалаға келеді. Аңғалдықтарының арқасында түрлі қиындыққа тап болады. Ақыры айлакерлердің құрған қақпанына түсіп қалады. Бір шетінен ауыл әкімі қысым көрсетсе, екінші жағынан бұзақылар қинайды. Үйге қайтайын десе, қалталарында ақшалары жоқ. Бар үміттері музыкада болады. Қазақстандық кинотеатрлардан 12 сәуірден бастап көре аласыздар.

1428691241_filmz.ru_f_61767

“Форсаж-8”

Жанры: Боевик
Режиссері: Гэри Грей
Рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Шарлиз Терон, Джейсон Стейтем, Скотт Иствуд, Вин Дизель, Хелен Миррен
Мемлекеті: АҚШ, Жапония, Франция, Канада, Самоа, Америкалық Самоа

Белбеулеріңізді жақсылап тағып алыңыздар! Көліктер жарысы қайта басталды. Гавана, Берлин, Нью-Йорк қалаларынан жиналған командаға өздерінен басқа ешкім де төтеп бере алмайды. Алайда Доминик мырзаның жаңа сүйіктісі достар арасында алауыздық тудырып, олардың жолын бірнеше бөлікке айырып жібереді. Қазақстандық кинотеатрлардан 13 сәуірден бастап көре аласыздар.

Без названия

«Маған батыл шабуылмен қол жеткіз»

Жанры: Комедия
Режиссері: Дэни Бун
Рөлдерде: Алис Поль, Дэни Бун, Мишель Блан, Иван Атталь, Сабин Азема, Патрик Милле, Франсуа Леванталь, Энн Мар
Мемлекеті: Франция, Бельгия

Франция барлаушыларының арасында сезімге орын жоқ. Алайда қатарға қыз полицей қосылғаннан кейін бұл ұстаным толықтай өзгеріп кетеді. Жігіттердің барлығы дерлік жаңа келген сұлуға ғашық болып қалады. Командир бойжеткеннің батылдығына сенбей, оны қатардан барынша алыстатпақ ниетте. Бұл хикая командир мен полицей қыздың махаббатына ұласуы мүмкін. Қазақстандық кинотеатрлардан 6 сәуірден бастап көріңіздер.

Konstantin_Habenskiy_1

«Алғашқылардың уақыты»

Жанры: Драма
Режиссері: Дмитрий Киселев
Рөлдерде: Евгений Миронов, Константин Хабенский, Владимир Ильин, Анатолий Котенев
Мемлекеті: Ресей

1965 жылдың 18 наурызы. Америкалықтардың ашық ғарышқа шығуына 77 күн қалған кезде СССР тағы да олардың алдын орап өтеді. Алексей Леонов көптен күткен арманына қол жеткізіп, кемеге аман-есен оралады. Алайда осы кемеге дейінгі 5 метр оның өміріндегі ұмытылмас қиын сәттердің біріне айналады. Қазақстандық кинотеатрлардан 6 сәуірден бастап көре аласыздар.

maxresdefault

«Испания ханшайымы»

Жанры: Драма
Режиссері: Фернандо Труэба
Рөлдерде: Пенелопа Крус, Кэри Элвис, Мэнди Пэтинкин, Хуан Антоно Байона, Клайв Ревилл
Мемлекеті: Испания

Ол Геббельстің бетін қайтарып, Голливудты бағындырды. Алайда ол танымалдылықтың алапат күшін көтере алмай, Отанына қайта оралды. Соғыстан кейінгі Испанияға тап болған Макарена жаңа өмір бастамақ болады. Осылайша танымал режиссердің фильмінде І Изабелла патшайымның рөлін сомдауға келісімін береді. Өкінішке орай, оның жаңа өмір бастауына өткені кедергі жасайды. Қазақстандық кинотеатрлардан 6 сәуірден бастап көре аласыздар.

maxresdefault (1)

«Салдары»

Жанры: Триллер
Режиссері: Эллиотт Лестер
Рөлдерде: Арнольд Шверценеггер, Мэгги Грэйс, Кевин Зегерс, Ханна Уэр, Тереза Кук, Ким Эванс
Мемлекеті: АҚШ

Роман өзінің отбасын ұшақтан тосып алмақ болады. Кенет әуеде апат болып, сүйікті әйелі мен қызының қайтыс болып кеткенін естиді. Осылайша ол жақындарының өліміне себепші болған адамды іздеп таппақ болады. Іздестіру шаралары бір жылға созылып, Роман апат кезінде ұшақты басқарған адамды тауып алады. Қазақстандық кинотеатрлардан 6 сәуірден бастап көре аласыздар.

kinopoisk.ru-Tantsy-nasmert-2662237

«Соңғы демің қалғанша билеу»

Жанры: Фантастика
Режиссері: Андрей Волгин
Рөлдерде: Иван Жвакин, Лукерья Ильяшенко, Никита Волков, Александр Тютин, Агния Дитковските
Мемлекеті: Ресей

2070 жыл. Мәскеу. Әлем ядролық қару соғысынан кейін құлдырап қалған. Адамзаттың аман қалуы бишілер беретін энергиямен тікелей байланысты. Ал бишілер энергиясын қатаң сайыста бөліп шығарады. Осы сайысты бақылаушылардың бірі қатысушы қызға ғашық болып, оның өмірін құтқарып қалу үшін жүйені өзгертпек болады. Осылайша ол өзі мен сүйіктісінің өміріне қауіп төндіреді. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 6 сәуірден бастап көре аласыздар.

1487775829_446s

«Әдемі кету»

Жанры: Комедия
Режиссері: Зак Брафф
Рөлдерде: Джои Кинг, Морган Фриман, Энн-Маргрет, Мэтт Диллон, Майкл Кейн, Кристофер Ллойд
Мемлекеті: АҚШ

Олар саябақта отырып алып жастарды сынағанды ұнатады. Үш зейнеткер бұл әдеттерінен ақыры жалығып, өмірден әдемі кетпек болады. Ақылдаса келе банк тонап, Вегасқа кету туралы шешім қабылдайды. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 6 сәуірден бастап көре аласыздар.

thumb_3073

«Фантастикалық махаббат және оны қайдан табамыз»

Жанры: Фэнтези
Режиссері: Саймон Эбауд
Рөлдерде: Джессика Браун-Финдли, Эндрю Скотт, Джереми Ирвин, Том Уилкинсон, Шарлотта Эспри
Мемлекеті: АҚШ, Ұлыбритания

Біз өмір сүріп отырған әлемде болып жатқан кез келген оқиғаның кездейсоқ болмайтынын білетін шығарсыз? Көбелектің қанаты алапат дауыл тудыруы мүмкін. Сол секілді жалғызбасты бойжеткен бір емес, бірнеше адамның өмірін түбегейлі өзгертіп жіберуі де ғажап емес. Қазақстандық кинотеатрлардан 13 сәуірден бастап көре аласыздар.

19314122-936397

«Еліктіру»

Жанры: Триллер
Режиссері: Дениз Ди Нови
Рөлдерде: Кэтрин Хайгл, Розарио Доусон, Уитни Каммингс, Шерил Лэдд, Роберт Уиздом
Мемлекеті: АҚШ

Тесса Конновер күйеуі Дэвидпен ажырасып кеткелі қатты қиналып жүр. Тессаның бұрынғы күйеуінің Джулия Бэнкс есімді қалыңдығы бар. Жас бойжеткен Дэвидтің үйіне кіріп қана қоймай, оның балаларының өміріне араласып жатыр. Өгей ананың рөлін ойнауға жақсылап дайындалып жатқан Джулия өткен өміріндегі барлық қайғылы оқиғаларды ұмытатынына сенімді. Алайда Тесса оның балаларының өміріне араласуына қарсы. Қазақстандық кинотеатрлардан 20 сәуірден бастап көре аласыздар.

thumb_s1280_10658

«Айдың тұтылуы»

Жанры: Фэнтези
Режиссері: Артем Аксененко
Рөлдерде: Александр Петров, Диана Пожарская, Катя Кабак, Сергей Бурунов, Семен Лопатин
Мемлекеті: Ресей

Алекс жол апатына түсіп, Таня есімді бойжеткенмен танысады. Жігіт бұл сұлуға бірден ғашық болады. Екеуі кездесіп жүріп Алекс Таняның қарғысқа ұшырағанын біледі. Яғни оның тағдырына жігітпен бірге болу жазбаған. Мұндай жағдай ғашықтардың арасында бірінші рет болып жатқан жоқ. Олар өздерінің сезімдерін құтқарып қалулары үшін ежелгі дәстүрлерге үңілулері тиіс. Қазақстандық кинотеатрлардан 27 сәуірден бастап көре аласыздар.

1484382031-252139213-moya-devushka-monstr-1

«Менің қызым – құбыжық»

Жанры: Фантастика
Режиссері: Начо Вигалондо
Рөлдерде: Дэн Стивенс, Энн Хэтэуэй, Джейсон Судейкис, Тим Блейк Нельсон, Рукия Бернард
Мемлекеті: Канада, Испания

Фильм бір сәтте жұмысы мен жігітінен айырылған бойжеткен туралы. Басты қаһарман Нью-Йорк қаласынан Отанына қарай бет алады. Жолда Сеул қаласында халықтың берекесін қашырған құбыжықты көреді. Кенет осы құбыжықпен өзінің тікелей байланысының бар екенін анықтайды. Қазақстандық кинотеатрлардан 27 сәуірден бастап көре аласыздар.

src_1470662810rok-dog

«Рок Дог»

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Эш Браннон
Рөлдерде: Люк Уилсон, Эдди Иззард, Льюис Блэк, Кенан Томпсон, Мэй Уитман, Хорхе Гарсиа
Мемлекеті: АҚШ, Қытай

Жаңа кейіпкер аңдар қаласын бағындыруға аттанады. Боуди ит осы күнге дейін ешнәрседен қаймығып көрген емес. Алайда отбасы оның ауылда қалып, басқа қасқырларды қорғағанын қалайды. Ал Боудидің өзі рок жұлдыз болуды, Энгус есімді әнші мысықтың шәкірті болуды армандайды. Қазақстандық кинотеатрлардан 27 сәуірден бастап көре аласыздар.

medium_badfb490f7347000de78d6a46a44994a

«Құпия агент»

Жанры: Боевик
Режиссері: Майкл Аптед
Рөлдерде: Нуми Рапас, Орландо Блум, Джон Малкович, Майкл Дуглас, Тони Коллетт, Акшай Кумар
Мемлекеті: Ұлыбритания

Ол қылмыскерден құпия ақпаратты біліп, өзіне жала жабылып келгенін түсінеді. Тәртіп сақшыларынан қашып, Лондонға жасалғалы тұрған қанды шабуылды тоқтату үшін достарынан көмек сұрайды. Қазақстандық кинотеатрлардан 27 сәуірден бастап көре аласыздар.

maxresdefault (2)

«Пушкинді құтқару»

Жанры: Комедия
Режиссері: Филипп Коршунов
Рөлдерде: Константин Крюков, Ирина Крутик, Алексей Лукин, Арсений Гусев, Юрий Гальцев
Мемлекеті: Ресей

Александр Сергейұлы Пушкин дуэлде қайтыс болған жоқ. Жас ғалымдар оны уақыт машинасының көмегімен ХХІ ғасырға алып келеді. Алайда бұл ғасырда Пушкинге екі есе қауіп төніп, ғалымдар оның өмірін құтқарып қалу үшін барларын салады. Қазақстандық кинотеатрлардан 27 сәуірден бастап көре аласыздар.


Жіберіп алмаңңыз:

Баян Есентаева жұртқа жаңа қайын әпкелерін көрсетті (фото)

Дарико Хасанғалиева мен Гүлзира Айдарбекова жұрттан алған ең бағалы сыйлықтарын көрсетті (фото)

Сәнгер Исмаилов Абай Бегейден 400 мың теңгесін әрең алғанын айтып масқаралады

Димаш халықаралық деңгейде бірнеше концерт бермек (видео)

Талқылау