Саудиялық ғалымдар обырмен күресетін өсімдік тапты

Сауд Арабиясындағы корол Абдолла атындағы ғылыми-техникалық университетінің (KAUST) бір топ ғалымы обырмен күресуде тиімділігі жоғары үш түрлі шөп өсімдігін тапты.

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Бұл өсімдіктер тірі жасушаны жоятын цитотоксикалық қасиетке ие. Обырмен күресудің арзан жолын іздеген, Тимоти Рауаси және Христиан Уолстра есімді ғалымдар бастаған топ жасушаның өсуіне кедергі келтіретін жергілікті шөптесін өсімдіктен алынған затты зерттеген екен.

Ғалымдар бұл химиялық қоспаның жасушаларды бөлу процесінде шешуші ықпал ететін ферменттердің (нақтырақ айтқанда, топоизомеразды) белсенділігін басатынына көз жеткізген. 52 жергілікті өсімдіктің биологиялық ерекшелігін зерделеген ғалымдар олардың үшеуіне тәжірибе жасап көрген.

Өздері тәжірибе жасаған өсімдіктердің топоизомераз ингибиторы ретінде әрекет ететін субстанциясы барын анықтаған. Яғни, жасушалардың есепсіз өсуіне тосқауыл қоятын қасиетін тапқан. Бір қызығы, ғалымдар обырмен күресте қандай өсімдіктер тиімді екенін ашып айтқан жоқ.

Оқи отырыңыз:

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болды

Блогер Алматы облысында адамдардың басы биттеп жатқанын айтып дабыл қақты

Қазақстан ауруханаларында педиатрия бөлімдері қайта ашылады

Ғалымдар қазіргі уақыттағы балдың қандай зияны барын анықтап білді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар