Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауданың соңынан кеткен әйел балаларын тастағаны үшін өкінді

Қазақстандық әйел әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының нашарлығына көндіге алмай, сауданың соңынан кеткен. Артынша базарда ер-азаматпен танысып, соған тұрмысқа шығады. Күйеуі де басқа әйелге үйленеді. Аягөз ханым мен бұрынғы күйеуінің ортасында екі бала бар. Оларды күйеуі алып қалған. Қазір әйелдің тұрмыстық жағдайы жақсарып, өмірлік жолдасын тапқанымен, әлі күнге дейін бала көтере алмай жүр. Ол бір кездері балаларын тастап кеткені үшін өкінетінін айтты.

mom-1363919_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Аягөз ханымды жас кезінде күйеуі алып қашып кеткен. Барған жерінде жоқшылыққа төзбей, қалаға сауданың соңынан кетеді. Күйеуін де өзімен бірге кетуге көндірмек болады. Алайда бұл әрекетінен түк шықпайды. Екі баласын ата-енесі мен күйеуіне қалдырып, өзі Алматыға келеді. Бастапқыда пойызда тамақ сатып жүріп, артынша базарда сауда жасайды. Тапқан ақшасын үш айда бір рет отбасына алып барып тұрады. Соңғы рет барғанында күйеуі үйге кіргізбей, ажырасқысы келетіндігін айтқан. Арада бес жыл өткен соң, күйеуі басқа әйелге үйленеді. Өзі базарда сауда жасауға көмектескен еркекке тұрмысқа шығады. Жағдайларын жасап алғанымен, осы күнге дейін бала көтере алмай жүр екен.

“Қазір үлкен ұлымның жасы 21-де. Әкесімен бірге тұрып жатыр. Әкесі ажырасқанымызға бес жыл өткен соң, басқа әйелге үйленді. Мен ол үйге келін болып түскенде, жағдайлары өте нашар еді. Күйеуіммен жігіт-қыз болып жүрген емеспіз, ол мені алып қашып кетті. Осылайша көпбалалы отбасына келіп ұл тудым. Көп ұзамай екінші балам дүниеге келді. Бірақ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз нашар болды. Үш және бір жарым жастағы балаларымды тастап, саудаға шықтым. Басында ебім болмағандықтан, пойызда тамақ сатып жүрдім. Тапқан табысым тез жұмсалып кететін еді. Үйде еңбегімді ешкім елемейтін. Күйеуі жұмыс істемей қойды.

Көрші кісімен пойызға шығып киім-кешек сатуға келістім. Алматыдан киім әкеліп, оны саудаладым. Бір күні қатты шаршағанымды түсініп, күйеуіме Алматыға кету туралы ұсыныс тастадым. Ол көнбей өзі ауылда әскери қызметкер болып жұмысқа тұрды. Мен де таныс келіншек арқылы Алматының базарына жұмысқа орналастым. Тағы да бір ер-азаматпен таныстым. Ол маған жәрдемдесіп жүрді. Күйеуіме барлығын түсіндіріп, тағы да қалаға шақырдым. Оған дейін 3 ай сайын үйге барып, ақша беріп жүрдім. Уақыт өте келе бұл 3 ай 6 айға ұзарды. Күйеуім ажырасқысы келетінін айта бастады. Неге екенін білмеймін, менің соңымнан еруге көнбеді.

Жастықтың буымен базарда өзіме жәрдемдесіп жүрген ер-азаматқа тұрмысқа шықтым. Бұрынғы күйеуім балаларды маған беруден бас тартты. Мен көп уақыт бойы сауданың соңында жүрдім. Әйелдің бақыты балада екенін кеш түсіндім. Қазір тұрмыстық жағдайымыз жақсы, бірақ баламыз жоқ”, – дейді Аягөз ханым.

Әйелдің бұл оқиғасы Ләйлә Сұлтанқызы мен психолог маманды қайран қалдырды. “Мысалы, Қазақстанның жері кең дейміз. Күйеуіңіздің қайда тұратынын білесіз. Барып жағдайды айтып, түсіндіруге тырыстыңыз ба? Күйеуіңіздің өкпесін түсінуге болады. Ай демей, күн демей сауданың соңында жүрген әйелді кім жақсы көреді? Басқа еркекпен танысқан жайыңыз бар. Күйеуіңіз осының барлығын тастауды ұсынған жоқ па?” – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

“Оған Алматыға келіп, ақшаның оңай табылмайтындығын көруді ұсындым. Кейін әңгімелескен соң, басқа әйелмен көңіл қосқысы келіп жүргенін айтты. 10 жылдан кейін балаларымды іздеп бардым. Өкінішке орай, балаларымның мені көргілері келмеді”, – дейді Аягөз ханым. Әйел бағдарлама барысында ұзақ жылап, өз ойын ашып айта алмады. Осыған орай, тележүргізуші мен психолог оған ұлттық арна арқылы балаларынан кешірім сұрауды ұсынды.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді

Баланы қамқор әрі дені сау етіп тәрбиелеуге арналған 6 кеңес

Қазақстанда қазіргі жасөспірімдердің ерте жыныстық жетілуінің себебі неде?

Қазақстанда еркектер ұрады, әйелдер көнеді. Неліктен?

Талқылау