Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд жігіті той алдында қалыңдығын ауыстырды

Сауд Арабиясында той алдында қылыңдығы тұрмысқа шығудан бас тартқан соң, тойдың шырқын бұзғысы келмеген күйеу жігіт өзге қызға үйлене салған.

06-04-16-jenih (1)

Көрнекі сурет

Оқиғаның бұлай өрбуіне сол күні жаңбыр жауғандықтан тойға танымал әншінің келе алмайтыны себеп болған. Қалыңдықтың анасы ол әнші келмесе, тойға барғысы келмейтінін айтқан. Сондықтан той күні күйеужігітке қызын бермейтінін айтқан.

Бұған қатты күйінген жігітке нағашы ағасы болып келетін жамағайын ағайындары әйелдікке өз қызын алуды ұсынады. Тойдың шырқысын бұзғысы келмеген, әрі банкет залының жалға алу құнын төлеп қойған жігіт бұл ұсынысқа келісе кетеді.

Осылайша қалыңдықтың аяқ астынан өзгеріп кеткені болмаса, той салтанаты жоспардағыдай өткен.

Осы оқиғаға қатысты  әлеуметтік желі қолданушылары алғашқы қалыңдықтың анасына реніштерін жазып жатыр. Ал, күтпеген жерден ерлі-зайыпты болған жастарға бақыт тіледі.

Талқылау