Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында эфирде көйлегі ашылып аяғы көрініп қалған жүргізуші жазаланды

Сауд Арабиясының билігі Ширин аль-Рифай есімді тележүргізушіге қатысты іс қозғады.

Al Aan TV арнасының жүргізушісі Рифай әйелдерді көлік жүргізу құқығынан айыру туралы репортаж жасаған. Эфир кезінде абайя (абайя араб ұлтының дәстүрлі ұзын көйлегі) деп аталатын көйлегі желмен көтеріліп кеткен. Көйлек ішінде оның шалбары мен кофтасы болған. Бұл сәт желіде «Эр-Риядтағы жалаңаш әйел-жүргізуші» деген атпен таралып кетті.

БАҚ-қа жауап беретін ведомство Рифайды жұмысын дұрыс атқармағаны үшін айыптады. Тергеу басталған соң тележүргізуші елден кетіп қалды.

Сауд Арабисында әйелдердің көлік жүргізуіне берілген рұқсат 2018 жылы 24 маусымнан бастап күшіне енді. 2018 жылдың наурыз айынан бастап ханзада Мохаммед бен Салман шариғаттың әйелдерді қара көйлек пен орамал тағуғы не біртұтас қара киінуге міндеттемейтінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау