Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында тұтқындалған ханзадаларға бас бостандығы үшін ақша төлеу ұсынылды

Айыпталған король отбасының мүшелері мен шенеуніктер өз бостандығы үшін ақша төлеп, мүлкінің 70 пайызын қазынаға өткізе алады. Бұл шаралар арқылы мемлекет бюджетін 800 миллиард долларға толтыруға болады екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Financial Times басылымының мәліметі бойынша, тұтқынға алынғандардың бірқатары мүлкінің бір бөлігін мемлекетке тапсыра бастаған. Десе де бас ботсандығына қол жеткізу үшін қойылған шарттардың бірі – мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салман Әл Саудқа адал болуға уәде беру. Мұрагер ханзаданың өзі жемқорлыққа қарсы ауқымды күресті бастаған-ды.

Корольдікте 5 қарашада ханзадалар мен шенеуніктерді ұстау бойынша тексеру жүргізіле бастаған. Оларға мемлекеттен 100 миллиард доллардан астам қаржы жымқырды деген айып тағылды. Бұған дейін ұсталғандар саны 200-ден асқаны хабарланған еді.

Daily Mail британиялық басылымы хабарлағандай, дүйсенбі күні Сауд Арабиясының королі билікті өз ұлына тапсырып, оны мемлекет басшысы етіп тағайындауы мүмкін. Десе де мәлімет әлі расталған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Бішкекте жас жігіт көзін байлап, Қазақстан туымен көшеге шықты (видео)

Ер адам қателікпен сотталып түрмеде 46 жыл отырған

Ер адам жазықсыз өлім жазасына кесіліп 46 жылдан соң түрмеден ақталып шықты (фото)

Оқушы қызға азғындық жасады деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

Талқылау