Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында шахмат ойнау күнә саналады

Сауд Арабиясының жоғарғы мүфтиі шахмат ойнау Ислам діні шариғатына сай еместігін, оның құмар ойындарға жататынын айтты.

shakhmaty-dlya-nachinayushchikh-igrat4

Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Абдуль-Азиз ибн Абдуллах Аль аш-Шейх телебағдарламада берген сұхбатында, шахмат ойынының да құмар ойындарға кіретінін айтты. Бұл ойынның уақыт пен ақшаның соры екенін, ойыншының бірі бірін қарсылас көріп, жеңіду ойлағаны себепті Ислам дініне қайшы келетінін ескертті.

Британ басылымдары шахматтың музыка секілі болмашы кемшілік екенін, оған толық тыйым салына қоймайтынын жазады.

1979 жылғы Ислам көтерілісінен кейін шахмат ойынын ойнауға Иранда тыйым салынған. Бірақ, 1988 жылы шахматты ақша тікпей ойнауға рұқсат етілді.

Шахмат ойнауға Иракта да Али аль-Систанидің ескертуімен тыйым салынған.

Талқылау