Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында сәнқой футболшының шашын алаңда алып тастады (видео)

Сауд Арабиясында «әл-Шабаб» футбол командасының қақпашысы шаш қою үлгісіне байланысты ойынға қатыса алмай қала жаздады.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Қақпашы Валид Абдулланың шаш қою үлгісі мұсылман дәстүріне лайық емес деп танылды, сондықтан матч басталарға бірнеше минут қалғанда оған шашын алу міндеттелді», – делінген хабарламада.

Бейнематериалдан футболшының шашын алаңда ойын алдында қиып, түзегенін байқауға болады. Ал спортшының өзі бұған қатты таңданғанын жасыра алмаған.

Талқылау