Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында мұсылмандарға жануарлармен селфи жасауға тыйым салынды

Сауд Арабиясында белгілі діни қызметкер Салах Бин Фаузан әл-Фаузан мысықтармен селфиге түсуге болмайтынын мәлімдеді.

сссс

Сурет eva.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясы мұндай әрекетімен Батыс мәдениетіне еліктейді. Бұл ретте селфиге тек мысықтармен ғана емес, иттермен, қасқырлармен және өзге де жануарлармен түсуге тыйым салынады. Сондай-ақ «Покемон» мультфильмінің желісі бойынша пайда болған үстел ойындарын да ойнауға болмайды.

Дін қызметкерінің айтуынша, мультсериал кейіпкерлері ел тұрғындарын ислам заңдарына қарсы келетін құмарлыққа үйретеді. Сауд Арабиясында бұдан бұрын өзінің Twitter парақшасында жүздеген хабарламалар арқылы атеистік көзқарасын білдірген ер адам 10 жылға сотталып, оған 2 мың дүре соғу жазасы берілген болатын.

Талқылау