Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында күйеуі көзіне шөп салған мұсылман әйелін кешірмеді

Абу-Даби телеарнасында «Шын көңілден кешіріңіз» атты танымал хабарды жүргізуші Джордж Карадахи жақында әйелі опасыздық жасауына байланысты ажырасып кеткен египеттік ерлі-зайыптыларды мәмілеге келтіре алмады.

ыфффм

Сурет people.onliner.by

Бұл туралы IslamNews хабарлайды.

Тікелей эфирде жүрген хабарға қатысқан әйел бетіне никаб киіп, бүркеніп келіп, істеген әрекеті үшін күйеуінен кешірім сұраған. Мұның алдында оның Мухаммад есімді күйеуі әйелдің телефонынан көңілдесімен интимдік тақырыпта жазысқан хаттарын оқып қойыпты.

Хабарға қатысқан әйел «күйеуінің ашуы орынды» екенін айта келіп, өзінің әрекетіне қатты ұялатынын білдірген. Алайда, дейді ол, менің жас жігітпен байланысымда ешбір күнәм болған жоқ. Оның айтуынша, күйеуі балалары үшін ресми түрде ажыраса қоймапты, бірақ ерлі-зайыптылар ретінде бірге тұратын тіршіліктері тоқтапты.

Әйелі жұрт алдына шығып, өзімен ымыраға келуді сұрағаннан кейін Мухаммад жүргізушінің өздерін табыстыру мақсатында жасаған барлық әрекеттерін бірден қайтарып тастады.

«Сен мені миллиондаған адамдардың алдында масқара еттің, енді отбасын, бала-шағаны қайта көремін деп мүлдем ойлама», – деді еркек үзілді-кесілді түрде.

Талқылау