Сауд Арабиясында ер адам үйленгеннен кейін екі сағаттан соң ажырасуға өтініш білдірген

Сейсенбі, 25 Қазан , 2016 8:08

Сауд Арабиясында үйленгеніне небәрі екі сағат болған ер адам ажырасуға өтініш білдірген. Оған себеп – қалыңдықтың әлеуметтік желіде сурет жариялауы.

9RcNmJzY4Q1BWs7y-lg

Фото: static.islam.kz

Ер адам су жаңа әйелінің өз құрбыларына Snapchat арқылы тойдан сурет жібергенін біле салысымен-ақ некені бұзу туралы арыз білдірген, деп хабарлады DailyMail.

Қалыңдықтың ағасының айтуынша, ғашықтар үйленбес бұрын келісім-шартқа қол қойған. Келісім бойынша қалыңдыққа Snapchat, Instagram немесе Twitter әлеуметтік желілері арқылы сурет жариялауға қатаң түрде тыйым салынған.

«Өкінішке қарай, менің қарындасым өз міндетін орындамай, неке қию рәсімінен құрбыларына сурет жіберу үшін Snapchat қосымшасын пайдаланған. Оның ақыры осындай сұмдыққа алып келді. Күйеуі онымен ажырасуға бел буды», – деді ол.

Айта кетейік, болған оқиға екі тараптың жанжалдасуымен аяқталды. Қалыңдықтың отбасы келісімнің тым қатаң екенін айтса, күйеужігіттің туыстары ажырасуды дұрыс шешім көріп отыр.

Жіберіп алмаңыз: 

АҚШ-тағы әскери колледжде хиджаб тағуға рұқсат берілді

Бомбылау кезінде қолын жұлып кеткен сириялық қыздың қуанышы

Египетте 12 жастағы бала өзінен бір жас кіші немере қарындасына үйленді

Ресейлік тележүргізуші тікелей эфирде адам өлтіргенін айтып қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 14 күні кері

Ол дурыс емес деп ойлаймын. Адам кулдыкка кеткен жок кой.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар