Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіз жігіттер «Ислам мемлекеті» ұйымына кіруге тыйым салған анасын өлтіріп тастады

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядте 20 жастағы егіз жігіттер өздеріне «Ислам мемлекеті» ұйымына қосылуға тыйым салған кәрі аналарын біріге отырып бауыздап тастаған. Қайғылы жағдай 24 маусым күні болған.

терроршы
Қазірге анықталған ақпарат бойынша Халид пен Салех аналары Хаилу Аль Ариниді алдымен алдап қоймаға кіргізіп алған. Артынша сол жерде аналарына бірнеше жерден пышақ сұққан. Егіздер артынша 73 жастағы әкелері мен 22 жастағы үлкен ағаларын өлтіруге келіскен. Олар ауыр пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Осы қылмыстан кейін егіз жігіттер қаладан қашып шықпақшы болған. Жергілікті полиция оларды Эр-Риядан 100 шақырым жерде тұтқындады.
Жігіттердің анасы олардың елден кетіп «Ислам мемлекеті» ұйымына қосылуды жоспарлап жүргендері жайлы білген. Егер олар райынан қайтпаса, әйел өз балаларын полицияға ұстатып жіберетінін айтқан екен.

25 маусым күні 67 жастағы ананы барша қала халқы жиналып, соңғы сапарға шығарып салды.

Талқылау