Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында әйелдерге «Старбакс» кофеханасына баруға тыйым салынды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында әйелдерге «Старбакс» кафелерінің біріне баруға уақытша тыйым салынды. Мұндай шешімді адамшылық жасау мен күнәлі істердің алдын алу комитеті шығарып отыр.

image24742067_f24536cdb5d106b8889005c32fab41c0

Анығын айтсақ, шариғаттық ұлан патрульдері тамақтану орындарын жоспарлы түрте тексеру кезінде талапқа сай келмейтін орынды анықтаған. Ондағы кофехананың қызметкерлерінің айтуынша, ол жерге адамның көп келуіне байланысты кафенің бір қабырғасы кұлап қалған екен. Шариғат заңына сай келмегендіктен, кофехананың қабырғасы қалпына келмейінше әйелдердің баруына болмайды.

CaI1DoNWIAAcLh-

Кафеге кіргізбеген әйелдің бірі әлеуметтік желіде есік сыртында жазылған хабарландырудың суретін жариялаған. Онда кафеге әйелдердің мүлде кіруге болмайтыны, тағамды жүргізуші арқылы тапсырыспен алуға болатыны жазылған.

«Старбакс» кофеханасының Сауд Арабиясындағы бөлімінің жетекшісі мұнда адамның көптігінен қабырғалардың осылайша орнынан қоғалып кететінін, екі апта ішінде барлығын қалпына келтіретінін айтты.

Сауд Арабия елінде шариғат заңына сәйкес көпшілік орындарда, өзге де жерлерде әйелдер мен ерлер бөлек жүреді. Онда әйелдерге көлік айдауға да тыйым салынған.

Талқылау