Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында алғаш рет әйел муниципалдық кеңес депутаты болып сайланды

Корольдіктің сайлау комиссиясы хабарлағандай, сенбі күні өткен муниципалдық сайлау қорытындысы бойынша Мекке провинциясында Салма бинт Хизаб аль-Отейби мандатқа ие болды.

20151213131120

Сауд Арабиясында өткен бұл жолғы  муниципалдық сайлауға сайлаушы және үміткер ретінде ел тарихында алғаш рет әйелдер қатысты.

Сайлау толықтай нәтижесі кейінірек, алдағы жексенбіде жарияланады. Жалпы алғанда 5938 ер адамдармен бірге 978 әйел кандидат ретінде тіркелді.

Бүгінгі таңда өмірден өткен король Абдалла 2011 жылы әйелдердің сайлауға қатысуы туралы шешім қабылдаған болатын.

Сайлауда муниципалдық кеңестің 2100 мүшесі анықталады, тағы 1050 король келісімімен тағайындалады, деп хабарлады Би-би-си.

Талқылау