Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында Қазақстанның 5 азаматы террорға қатысы бар деп ұсталған

Сауд Арабиясының қауіпсіздік комитеті террорлық ұйымдарға қосылмақшы болды деген күдікпен Қазақстанның 5 азаматын ұстады.

7c1cbbf9c3722c637e0b0e056c270bb1_XL

Бұл туралы  әл-Жазира басылымы хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, арнайы жасақтардың жүргізілген шара барысында күдіктілер еш қарсылықсыз бірден берілген. Қазақстан азаматтарының террорлық әрекет салдарынан Сауд Арабиясында ұсталуы тұңғыш рет болып отыр.

Елдің арнайы жасағы соңғы екі аптаның ішінде торрорлық ұйымдарға қосылмақшы болған 75 адамды ұстаған. Олардың тең жартысынан астамы  – Сауд Арабиясының адамдары. Басқалары Сирия, Пәкістан, Қазақстан, Үндістан, Йемен, Мысыр, Иордания, Палестина, АҚШ және БАӘ азаматтары екені анықталған.

Талқылау