Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясы өз құрамасын Ресейден жеңіліп қалғаны үшін жазалайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сауд Арабиясының футбол федерациясы Twitter желісіндегі ресми парақшасында ұлттық құрама ойыншыларының Әлем чемпионатында Ресей командасынан жеңіліп қалғаны үшін жазаланатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сауд Арабиясы өз құрамасын Ресейден жеңіліп қалғаны үшін жазалайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: РИА Новости

«Саудтық «Әл-Арабия» телеарнасы ұлттық құрамамыздың Ресей командасынан жеңіліп қалғаны үшін кейбір ойыншыларға жауапкершілік артылатыны туралы хабарлап, қоғамда жалған пікір қалыптастырды. Осы арқылы кей ойыншыларды өзгелердің алдында кемсітті. Алайда жеңіліс – бүкіл құраманың деңгейінің көрсеткіші», – дейді федерациядағылар.

Сондай-ақ, федерация жеңіліс үшін жауапкершілікті өз мойынына алған спорт жөніндегі бас басқарманың басшысы  Турки әл-Шейхтің позициясын жоғары бағалады.

«Алдағы екі ойында жақсы нәтиже көрсету үшін, өткен ойын кезіндегі қателіктерді жөндеуге барлығы жұмылдырылатын болады», – дейді федерациядағылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау