Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясы басшылығы Меккені “ақылды қалаға” айналдырмақ

Мекке әмірі және Сауд Арабиясы королінің кеңесшісі Халид әл-Фейсал Меккені дамыту туралы жоспарды бекітті. Жаңа жоспар бойынша қала “ақылды технологиялар” негізінде өмір сүруі керек.

Безымянный

Сурет minval.az

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“2017 жылға дейін Меккені керемет етіп көрсету үшін жоғарғы деңгейде дамыған технологиялардың барлығы қолданылады. Мұндағы үлкен мешіттің өзі координациясы ортасы ретінде өзгелерден ерекшеленеді”, – деді әл-Фейсал.

Қалада қала тұрғындары мен билік өкілдерінің бір-бірімен интернет арқылы жылдам хабар алысуына мүмкіндік беретін біріккен координациялық желі құру жоспарлануда. Сондай-ақ, билік әлеуметтік желіні пайдалану барысында жұмысшылардың біліктілігін арттыра түсу үшін электронды бақылау жүйесін енгізбек. 2017 жылы қала толықтай дерлік энергия көзіне айналатын мекен болады деп жоспарлануда.

Мекке барша мұсылмандар үшін ең басты қала болып саналады. Жыл сайын қалаға миллионнан астам адам қажылық парызын өтеу үшін келеді.

Талқылау