Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиялық психолог әйелді қалай ұру керектігі жөнінде видеокурс жүргізді (видео)

Дәрігер осылайша әйелдерді «Алла алдындағы құқығымен сәйкестендіріп» міндетін білуге үйретпек.

Безымянный

Сауд Арабиялық терапев, әрі психолог Халед аль-Сакаби әйелді дұрыс ұру керектігі жөнінде видеокурс жүргізіп, YouTube арнасында жариялады.

Өзінің видеокурсында психолог сөзін әйелді ұрудың күрделі мәселе екенін, бұл тұрғыда тәжірибесіз адамдар зардап шегетінін айтып бастады.

Ол әйелді «Ислам қағидаларын сақтап» ашулықпен ұрмау керектігін айтады. Оның айтуынша, ешқандай таяқ, қатты заттар қолданбау керек. Тіпті, тіс тазалайтын миссуак таяғымен де ұруға болмайды.

«Қазір көптеген ер адамдар әйелдерін таяқпен ұрады», – дейді дәрігер. Әйелді ұрудағы негізгі мақсат – оның кінәлі болғанын түсіндіру. Ол үшін дәрігер әйелге Алла алдындағы парызы мен құқығын есіне салу керектігін айтады.

«Қазір көптеген әйелдер өздерін ерлермен тең көреді. Бұл өте күрделі проблема», – дейді терапевт.

Сауд Арабиясында әйелдерге кейбір нәрселерді атқаруға тыйым салынған. Мәселен, ол жақта әйелдерге көлік жүргізуге болмайды.

Талқылау