Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабия халқы 35 жылда алғаш рет кинотеатрға барды

Сауд Арабиясында ұзақ жылдардан кейін кинотеатрларға лицензия беріле бастады. Ел халқы соңғы 35 жылда алғаш рет фильмді үлкен экраннан тамашалады.

Көрермендер 2017 жылы жарыққа шыққан америкалық “Эмоджи фильм” кинокартинасын тамашалап, тіпті попкорн сатып алуға мүмкіндік алған.

Айта кетейік, Сауд Арабиясында 1980-жылдардың басында кинотеатрларға тыйым салынған. Тұрғындар кино көру үшін көршілес Бахрейн еліне баратын. Ал жуырда аудио-визуалды медиа бойынша бас комиссия кинотеатрларға лицензия бере бастады. Олар жұмысын наурыз айында бастайды. Ал әзірге көрермендер жалдамалы ғимарат ішінде кино көруге мүмкіндік алып отыр.

Сауд Арабиясында 2030 жылға қарай 300-ге жуық кинотеатр ашылады деп күтілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Бельгияда өлгендердің күлін тыңайтқышқа қолдану ұсынылды

Ерлі зайыпты 13 баласын үйінде күштеп байлап, аш ұстаған

Бетперде киген екі адам мектепте сегіз бала мен мұғалімді пышақтаған

Салмағы шоколад тақтасындай сәби дүниеге келді, дәрігерлер оны аман алып қалды

Талқылау