Сәтті сандар: Қазақстандықтар не себепті сандарды өмірімен байланыстырады

«3», «7», «40». Қазақтың бағзыдан бері киелі деп есептейтін сандары. Үш жұрт, үш арыс, жеті қазына, жеті ата, қырық күн. Айта берсең көп. Қызығы, бүгінде де өмірін арнайы сандармен байланыстыратындар жетіп артылады.

Үй, көлік, тіпті ұялы телефон номерінде жақсы көретін санның кездесуін қалайтын қазақстандықтардың қарасы көбеймесе, еш азаймаған. Алайда мұндай адамдарға қатысты нумерологтардың айтар ескертулері бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

“Киелі саным деп айта алмаймын, бірақ 9-сан. Киелі сан. Тоғызқұмалақ, тоғыз санымен байланыстырамын.

“Тоғызыншы сан, сондай сәтсіз сан, сондай дейді ғой. Мен олай тергемеймін. Менің саным тоғыз, жеті”.

“Әдемі болғаннан кейін алатын едім, былайша сенбеймін”.

“Жақсы көретін санымыз бар. Менде 4 мысалы. 4 санын қосып алсам, мысалы машинаның номері, үйдің номері деген сияқты.

Жұрттың сандар қатысты пікірі осындай. Байқасаңыз, көбісі оның өмірге ықпалы барына сенеді. Сондықтан да барынша сәттілік алып келетін нөмірге қол жеткізуге тырысады. Мәселен, елордалық Бақытжан Сарбасов әдемі цифрларға қызығады. Жарты жыл бұрын көлігіне 600 мың теңгелік нөмір сатып алыпты. 777 саны достарына ұнағаны соншалық, қазір темір тұлпарын жалға беріп бизнесін дөңгелетіп жүр.

«Бізде группа бар G класс. Кілең балалар Гелендваген айдайтын. Көбісі клиенттер сұрайды. Одинаковый машина, одинаковый номермен болсын деп. Маған осы номер дейтін давно ұнады. Әдемі көрінеді. Көп адамдар «номер успеха» деп ойлайды. Бәріне ұнайды. Маған да ұнайды» – дейді қала тұрғыны Бақытжан Сарбасов.

Қымбат, әдемі сандар әзілкештердің де басты тақырыбына айналғаны қашан. Тіпті, пәтерді де цифрға қарап таңдайды. Ал ұялы телефонға нөмір таңдаудың өзі құдды бір дәстүрге айналған. Мамандардың сөзінше, ұялы байланыс нөмірінің қымбат болғаны ке қазақстандықтарға маңызды емес, ол үшін жүз мыңдап ақша шашуға дайын.

«Жастар, жасөспірімдер өзіне номердің көркемділігіне қарайды. Үлкен жастағы адамдар болса, сан сиқырлығына нумерологияға сенетін болады. Көбінесе мысалы “0”,”6″ цифрі болмасын деп қалайды. Оның орнына біздің қасиетті санымыз 7 немесе 9 болса, екен деп қалайды. Цифра дьявола дейді ғой. Соған байланысты көбінесе 6 санын, үш 6 болса, немесе төрт “6” болса, мұндай номерлерді көбіне үлкендер алмайды» – дейді ұялы байланыс орталығының өкілі Әйгерім Енсебаева.

Танымал нумеролог Клара Кузденбаеваның пікірінше, сандардың сиқырын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, бірігей сандарды сүйетіндерге қатысты ескертулері бар.

“Әр санның өзіндік мағынасы барын ұмытпағанымыз жөн. Мәселен, бүгінде көлігін 777 немесе басқа да етіп алатындар өте көп. Иә, 7 саны нумерологияда сәттіліктің символы, бірақ бір санның тым көп болуы да дұрыс емес. Айта кетейін, сандардың жаманы болмайды. Себебі, оның өзіндік тарихы, құпиясы мен сыры бар” –дейді нумеролог Клара Күзденбаева.

Киелі сандардан бөлек, біздің қазақ қорқатын бірнеше цифрлар бар екені белгілі. Мәселен – 13. Ата-әжелеріміз қашанда мүшел жасқа келгенде байқап жүруге кеңес беретін. Бірақ…
“Біздің бабаларымыз да сандарға аса мән берген. Мәселен, бізде мүшел жас деген бар. Оның да өзіндік мағынасы жетіп артылады. Өйткені, жастың 12, 24, 36 деп бөлінуі де бекер емес. Көп жағдайда әр адам үшін ол сәтті жылдардың бірі ретінде саналады. Алайда, маған келетіндердің қатарында, мүшел жастан қорқатындары өте көп кездеседі. Мен бірден оларға бәрін түсіндіріп, сабырға шақыруға тырысамын” – дейді нумеролог Клара Күзденбаева.

Десе де тарихшылар бабаларымыз сандарға емес, тарихи құбылыстарға мән бергенін айтады. Шайқастарды күннің тұтылуына орай тоқтатқан. Сандарға мән бермейтін. Дінде де, соның ішінде ислам мен христиань дінінде де цифрлар киелі саналмайды.

«Қазір қолданып жүрген календарымыздың өзі Григорян календары, иә? Көне Грекиядан алған календарымыз. Мүмкін сол календарды қабылдағаннан кейін біз солай ойластырған шығармыз. Ал негізі дінде бір киелі сан деген жоқ. Жалпы тарихқа қарайтын болсақ, үлкен қолбасшылар, хандар санға қатты мән берді деп айта алмаймын. Олар көбіне табиғи жағдайларға мән беретін” – дейді тарихшы Ажар Шалдарбекова.

Десе де «3», «7», «40». Қазақтың бағзыдан бері киелі деп есептейтін сандары. Үш жұрт, үш арыс, жеті қазына, жеті ата, қырық күн. Айта берсен көп. “Бірақ, бүгінде ол да бизнеске айналған” дейді мамандар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар