Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтсіз таңдалған киім: Жанкүйерлер Анджелина Джолидің “кемпірге” ұқсап қалғанын айтты

Голливудтың ең танымал жұлдыздарының бірі Анджелина Джоли жанкүйерлері мен сән әлемінің сыншыларын таңғалдырды. Актриса өзінің жасына сай келмейтін көйлек киіп, жұрттың сынына ұшырады. Көпшіліктің айтуынша, жаңа образдағы Анджелина “кемпірге” ұқсап қалған.

Бұл туралы Woman’s day журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Faces Places фильмінің тұсаукесеріне Анджелина қарапайым қара түсті көйлек, ал оның сыртынан ақшыл сары түсті жамылғы киіп келген. Жанкүйерлердің пікірінше, актрисаның жаңа образы жаурағанда жылы көрпеге оранған әжелерді еске түсіреді.

Актрисаның не себепті мұндай олқылыққа жол бергені белгісіз. Бұған дейін Анджелина дене мүсінін барынша айшықтайтын тартымды көйлектер киетін.

Жіберіп алмаңыз:

Нұржан Керменбаев аз уақытта 7 келі салмақ тастаған

Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

Өзіміз кінәліміз: Айдана Меденова инста-оқырмандарымен айқасқан әріптестерін сынға алды

Төреғали Түркияда мініп жүрген көлігін көрсетіп, жұртты күлдірді (видео)

 

Талқылау