Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтсіз селфидің кесірінен ер адам елсіз аралдан бірақ шықты

53 жастағы жапондық бизнесмен Хисатеру Соэдзима паромда жарты сағат серуендеймін деп өліп қала жаздады. Ішімдік ішіп алған азамат палубада селфи жасаймын деп борттан құлап қалған. Мұның соңы ол үшін екікүндік күтпеген жағдайға әкеп соғып, елсіз аралда сусыз тамақсыз қалған.

Бұл туралы Sora News 24 жазады. Жапондық борттан құлап қалған кезде күн батып бара жатқан. Ол алыстағы шамшырақты көріп, соған қарай беттеп жүген. Соңында ол Хашима аралына жүзіп келіп, оның жағасына орналасқан. Бірақ басты мәселе бұл аралдың елсіздігінде болып шықты.

Келесі күні Хисатеру Соэдзима жағада өзіне келуге тырысып жатқан. Тек бір күн өткен соң ғана суда өтіп бара жатқан балықшылардың қайығын көрген. Балықшылардың назарын аудара алған бизнесмен олар берген электролитті суды ішіп аман қалған. Балықшылар жаға құтқарушыларын шақырып, еш зақым алмағанына көз жеткізген соң адам бар жағаға әкелген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау