Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сатып алған": "Голос. Дети" байқауындағы жанжалдан кейін Алсудың үстінен арыз жазылды

"Голос. Дети" байқауындағы жанжалдан кейін Алсудың үстіне арыз жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" сайтына сілтеме жасап.

"Голос. Дети" байқауының алтыншы маусымында дауыстың жасанды жолмен көбейтілгені белгілі болып, нәтижелер жоққа шығарылған. Бұл байқау тарихындағы жанжалға толы маусым болды. Артынша мәселенің мән-жайы анықталып, финалистердің барлығы жеңімпаз атанған еді. 

Бұл даулы мәселе әлі біте қойған жоқ. Қарындасы "Голос. Дети" байқауында өнер көрсеткен уфалық Ильгиз Валеев Мәскеудегі полициялардың біріне Алсудың үстіне шағым түсірген. Шағым Останкина бөлімшесіне 30 мамырда түскен болатын. 

Құқық қорғаушының мәліметінше Ильгиз Валеев есімді азамат Алсуды "Ресми спорттық немесе коммерциялық байқау нәтижелеріне жасырын жолмен әсер ету" бабы бойынша айыптап, тексеру жұмыстарын жүргізе отырып, қылмыстық іс қозғауды сұраған.

"Телебағдарламаның дауыс беру нәтижелерін жариялаған кезінде мен Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңісі сатып алынғанына көзім жетті", - деп жазған шағымында уфалық Ильгиз Валеев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр