Сәтбаевта педофилді ұрған полицей сотталып кетті
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық ішкі істер органының сержант шеніндегі полицей педофилді ұрғаны үшін сотталып кетті. Педофилге соққы жұмсаған тәртіп сақшысының кінәсі “азаптауға” ауыстырылып, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Сержант педофилдің пәтерінен 5 жасар қыз табылған соң өз-өзін ұстай алмай, зорлаушыны бірнеше рет ұрған. Медициналық сараптама педофилдің қолы, белі мен бетіне зақым келгенін анықтады.
Полицейге алғашқыда ҚР ҚК 362-бабы «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бойынша айып тағылған. Тергеу қорытындысына сәйкес айыптау ҚР ҚК 146-бабына «Азаптау» қайта ауыстырылды.
Сәтбаев қалалық сотының судьясы Жақсыбек Сқақов конвойлық қызметтегі полицейді айыпты деп таныды. Алайда қоғамнан алшақтатуға байланысты жаза тағайындамады.
«Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын өтегеннен кейін бір жарым жыл бойы мемлекеттік қызметте қандай да бір жұмыс істеуге тыйым салынды», – деді судья Жақсыбек Сқақов.
Жіберіп алмаңыз:
Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған
Қарағандыда 5 жасар қызды зорлаған педофил тағы 1 ай қамауда отырмақ
Қостанай облысы: Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен депутат ұсталды
11 жасар баланың трамвай астына не үшін секіргені белгілі болды