Сәтбаевта педофилді ұрған полицей сотталып кетті

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық ішкі істер органының  сержант шеніндегі полицей педофилді ұрғаны үшін сотталып кетті. Педофилге соққы жұмсаған тәртіп сақшысының кінәсі “азаптауға” ауыстырылып, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сержант педофилдің пәтерінен 5 жасар қыз табылған соң өз-өзін ұстай алмай, зорлаушыны бірнеше рет ұрған. Медициналық сараптама педофилдің қолы, белі мен бетіне зақым келгенін анықтады.

Полицейге алғашқыда ҚР ҚК 362-бабы «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бойынша айып тағылған. Тергеу қорытындысына сәйкес айыптау ҚР ҚК 146-бабына «Азаптау» қайта ауыстырылды.

Сәтбаев қалалық сотының судьясы Жақсыбек Сқақов конвойлық қызметтегі полицейді айыпты деп таныды. Алайда қоғамнан алшақтатуға байланысты жаза тағайындамады.

«Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын өтегеннен кейін бір жарым жыл бойы мемлекеттік қызметте қандай да бір жұмыс істеуге тыйым салынды», – деді судья Жақсыбек Сқақов.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қарағандыда 5 жасар қызды зорлаған педофил тағы 1 ай қамауда отырмақ

Қостанай облысы: Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен депутат ұсталды

11 жасар баланың трамвай астына не үшін секіргені белгілі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар