Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сасық иістен арылмаған Астананың ауасын Әсет Исекешев тазартуға кірісті

Үш әкім ауысса да, сасық иістен арылмаған Астананың ауасын Әсет Исекешов тазартуға кірісті. Тіпті жақында әкімдіктегілер “қолаңса иістен біржола құтылдық” деп жар салды.

28f88a7e-2b64-4c92-8465-ff1060b7ea26

Сурет: today.kz 

Мұрын сезбесе де, көз көреді. Мына кадрлар көп жайды түсіндіретін сияқты. Алайда әкімдік жақын жылдары мұндағы шыбын-шіркей мен шіріген қамыстың орнын аққұмды жағажай басады деп отыр. Ол үшін арнайы техника көлдегі кәріз суы жиналған лайды сорып жатқан көрінеді.

– “Бұрын кәріз суы екі этапты тазалаудан ғана өтетін, яғни ірі қалдықтар ғана тазаланып лай су көлге төгілетін. Қазір төрт рет тазаланатын судың иісі де жоқ, мөлдір. Алдағы жылдары мұнда екі су қоймасы салынады”, – дейді Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбіжанов.

Талдыкөлдің елу жыл бұрынғы кейпін қайтаруға тырысқан әкімдік тіпті қолаңса иістен құтылдық деген еді. Алты жыл Тасмағамбетов, екі жыл Жақсыбеков күрескен иісті Исекешовтің командасы бар-жоғы бір айда құртқандай болған. Ал борсыған суға жақын тұратын тұрғындар әлі де иіс оқтын-оқтын сезіліп қалады дейді.

Дегенмен, тұрғындар соңғы күндері Талдыкөл жақта техниканың қаптағанын айтады. Иіс те бұрынғыдан бәсеңдегендей. Сондықтан, ел Талдыкөлдің тазарғанына шын тілеулес болып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаевтың немересі Жақсыбековке Талдыкөл маңынан киізүйді өзі құрып беретінін айтты

Назарбаев Астана әкімін Талдыкөлдегі киізүйге көшіріп жіберетінін айтып қорқытты

Талқылау